4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АРЫС ҚАЛАСЫ ҚОСТАНАЙМЕН БІРГЕ!

Қостанайдағы ағайынның басына түскен қиын жағдайды Түркістан облысы, Арыс қаласының жұртшылығы ауыр күйзеліспен қабылдады. Төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету мақсатында арыстықтар ақшалай, азық-түлік, киім және ең қажетті заттар жинауды бастап кетті. Олардың қатарында қарапайым азаматтар да, шағын бизнес өкілдеріде бар.
Жұдырықтай жұмылған Арыс халқы бір күнде 3 тонна ұн, 100 адамға лайықталған төсек жабдықтары (жастық, жамылғы, төсеніштер), 1 тонна макарон, 500 литрге жуық өсімдік майы, 10 тонна ауыз су, 1 тонна картоп және 1 тонна сәбіз, 3 тонна пияз, 1 ауыр жүк көлік қауын, жарты тонна орамжапырақ секілді тез бұзылмайтын азық-түлік өнімдері, гигиена құралдары және бірінші кезектегі қажетті заттарды Қостанай облысына жөнелтті.
2019 жылы Арыс қаласында болған техногендік сипаттағы төтенше жағдайда қаланы қалпына келтіруде қол ұшын созған қостанайлық ағайынның игі ісін арыстықтар ұмытпайды! Арыстық тұрғындар, меценаттар, қоғам белсенділерінің бұл бағыттағы игі ісі әлі де өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

АЛТЫН ӘРІППЕН ЖАЗЫЛҒАН ЕСІМ

smarttop

ТҮРКІСТАН: АУЫЛЫН АБАТТАНДЫРМАҒАН ӘКІМДЕРГЕ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

smarttop

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙЛАРДЫҢ 71% ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА

smarttop

Пікір қалдыру