8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Тұран шағын ауданындағы Оқушылар сарайы қолданысқа берілді. Жалпы ауданы 9 881,9 шаршы метр құрайтын үш қабатты ғимарат 1 аусымда 500 орынға лайықталған.

Заманауи талапқа сай бой көтерген жаңа нысанды аралап көрген қала әкімі өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қолайлы жағдай жасау басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ жауаптыларға жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кету керек, жаңа қосымша білім беру мекемесінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың қосымша білім алуына барлық жағдайлар жасалған.

Оқушылар үшін бассейн, интерактивті кітапхана, керамика үйірмесі, 3D-модельдеу және Lego кабинеттері қарастырылған. Биотехнологиялық және гуманитарлық блоктарда балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін фотостудия, бейне студия және журналистика үйірмелері орналасқан.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫ: ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН «НАУРЫЗ ЖҰМЫСКЕР» ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

smarttop

“ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН” ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮР

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҮЙ КЕЗЕГІНДЕ 48 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ ТІРКЕЛГЕН

smarttop

Пікір қалдыру