Шардара қаласының әкімі болуға әбден лайық тұлға деп есептеймін. Иә, Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы жастарды тарту мен естуші мемлекет құрамыз деп керемет бастаманы бастады. Абыз қарттарымыздан өнеге алып, билікке ұмтылған жастарға мүмкіндіктер көптеп жасауда. Ендеше, таныстырайық. Қалаға жаңа серпін беріп, жаңа лек келуде. Қолдайық. Мүмкіндік берейік.
Айдосов Олжас Калмухаммедулы, 20.10.1986 ж. ОҚО Шардара ауданы, Шардара қаласында туылып өскен. 2008 жылы Алматы қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін «Есеп және аудит» және 2015 жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітіріп, Еңбек жолын 2008 жылы Д.Қонаев атындағы ОНПФ АҚ менеджер қызметінен бастап, бүгінгі таңда ауыл әкімі болып қызмет етуде.
Ауыл әкімі болып қызмет атқарған жылдарғы:
– ауыл шаруашылығы өндірісі,кәсіпкерліктің дамуы, шағын және орта бизнес субъектілерінің санын өсірдім;
– денсаулық сақтау және білім беру салаларын қаржыландыру көлемі ұлғайып, әлеуметтік маңызы бар жаңа объектілер пайдалануға берілді;
– ауылда өмір сүру тұрақты түрде жақсарды: Сүткент ауылы округінде
Сүткент ауылының Ә.Тоқсанбаев, Дария, С.Смайылұлы, С.Тұрлыбеков, С.Сейфуллин, Ш.Байқошқаров көшелерін орта жөндеу, Е.Оспанов, Е.Молдабеков көшелеріне аяқ жол және Е.Оспанов, Ж.Қанболатов көшелерін жарықтандыру жұмыстарын аяқтап пайдалануға берілді,
Сүткент ауылына 3 га жерге саябақ құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Cүткент ауылының ішкі көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.
Сүткент ауылдық округіне газ желілері тартылып, тұрғын үйлерге пайдалануға берілді.
Қала әкіміне жүктемелер міндет те ауқымды. Сондықтан, бойындағы білімі мен біліктілігімді, өмірлік тәжірибем мен күш-қайратымды қаланың өсіп-өркендеуі мен дамуына жұмсаймын деп шешкен. Газы жоқ шағын аудандарға табиғи газ құбырын тартуға, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қала ішілік көшелерін күрделі жөндеуден өткізіп, жарықтандыру саласы бойынша жұмыстар жүргіземін. Қаланың әлеуметтік экономикасын дамыту мақсатындағы іс-жоспарларымды қызыл сөз жүзінде емес, қызу еңбек, нақты іс жүзінде дәлелдеймін.
Мен əрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp:+ 7 777 727 27 97
Email: dosaok_77777@mail.ru
Құрметпен, Олжас Айдосов
Мені Шардара қаласы əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда ЫҚПАЛ ЖАСАЙМЫН:
2025 жылға қарай қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етуге;
Шардара қаласын газбен қамтамасыз ету:
2022 жылы Шардара қаласындағы Абай, Қызылжар шағын аудандарындағы 8,0 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамту
2023 жылы Шардара қаласындағы Мелдеби, Қанай Датқа шағын аудандарын газдандыру
2024 жылы Шардара қаласы, Төменгі Тоғай, Майқала, Ақбала, Наурыз, Нұр Отан, № 3 және № 4 шағын аудандарын табиғи газбен қамтамасыз ету
2025 жылы Б.Соқпақбаев ЖОМ-ның күрделі жөндеу мәселесін шешу
2024 жылы Қ.Аманжолов ЖОМ робототехника, жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықтау
Мен қаланың бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеймін.
Демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдап, қуаттау, көмек көрсету және ауыл жастарына рухани-патриоттық тәрбие беруге;
Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске;
Ауылдан шыққан танымал тұлғалардың мəдени-рухани мұрасын насихаттауға үлесімді қосамын дейді. Ендеше, болар баланың бетінен қақпа, белін бу деген. Болашағынан үміт күтейік, ол үшін мүмкіндік берейік.
1 Пікір
Сәттілік тілеймін. Шыңдалған маман, әбден лайық.