13.3 C
Шымкент
Суббота, 24 мая, 2025
Smarttop.kz

Өзіне жақын таныс әйелді тонаған ер адам қамауға алынды

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оны жақын танысы тонап кеткен.
Жәбірленушіге келген шығын көлемі 120 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша бірден тіркеп, жедел-іздестіру шараларын бастап кетті.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қылмысты ашу үшін қажетті жұмыстарды жасады. Сондай-ақ бейнебақылау камераларын мұқият қарап шықты. Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар, бұрын сотты болған ер адам анықталып, ұсталды. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын.
Белгілі болғандай, жәбірленуші әйел дәмханаға тамақтануға барған. Осы сәтте оны сыртынан көрген жақын танысы дәмханаға кіріп, әйелді ұрып-соғып, «VIVO» маркалы ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен. Анықталғандай жәбірленуші әйел мен күдікті ер адам осыған дейін жақын таныс болған. Әйел сезіктімен байланысын үзген соң, ер азамат ашуланып, тонау қылмысына барған.
Ер адамнан айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті қамауда. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіз.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНА ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 20 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

smarttop

ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИДЫҢ АТА-АНАСЫ ИБРАГИМ АТА МЕН ҚАРАШАШ АНА КЕСЕНЕЛЕРІНДЕ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА

smarttop

МАС КҮЙДЕ КӨЛІК БАСҚАРҒАН 28 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ КӨЛІК БАСҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру