9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ БАРЛЫҚ САЛА БОЙЫНША ОҢ ДИНАМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында еліміздің қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-даму қорытындысы барысында Шымкентте барлық сала бойынша оң динамика сақталғанын айтап өтті. Атап айтқанда:
• Өнеркәсіп өнім көлемі 583,2 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 107,1 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,7 пайыз болып отыр.
• Инвестиция көлемі 276,2 млрд.теңге болып, 31,1 пайызға артты.
Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 68,9 млрд.теңге, жеке көздерден 207,3 млрд.теңге.
• Құрылыс жұмыстарының көлемі 91,7 млрд.теңге немесе 118,5 пайызды құрады.
• Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 426,8 мың шаршы метр немесе 123,0 пайыз болды.
• Жалпы сауда көлемі 1 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 11,4 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 355,4 млрд.теңге, нақты көлем индексі 112,4 пайыз, көтерме сауда 777,1 млрд. теңге, 110,7 пайыз.
• Байланыс қызметі 5 427,6 млн. теңгені немесе 4,5 пайызға артты.
Цифрландыру бағытында да көрсеткіш жоғары. Шымкент қаласы бұл бойынша республикада Нұр-Сұлтан, Алматыдан кейінгі үшінші орында. Жаңа 20 мыңнан аса жұмыс орындары ашылатын болады. Оның ішінде, 2022 жылы құны 241 млрд. теңгені құрайтын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. Бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде. Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялар тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Барлық шаруашылық көрсеткіштерін нақтылап есептеп шығарған және осы боынша пайыздық өлшем бірлігін көрсетіп отыр. Инвестициялық жобаны іске асыра отырып,  жаңа орындармен қамтасыз етілуін талап етуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ТІГІН ТІГУДІ ТЕГІН ҮЙРЕНУДЕ

smarttop

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР НӘТИЖЕ БЕРУДЕ

smarttop

«ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТУГЕ КҮШ САЛАМЫЗ»

smarttop

Пікір қалдыру