9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік Кодекс жобасын түсіндіру үшін өңірлерге мобильді топтар жібереді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы мобильдік топтарды құрды, олар ағымдағы жылдың 19 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын түсіндіру үшін Қазақстанның өңірлеріне​шығатын​болады.
Мобильдік топтардың құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, Еңбек министрлігі еншілес ұйымдарының, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарының, Мемлекеттік аннуитеттік компанияның, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының​басшылары​ және​ басқалар​ кірді. Қазақстан Президенті өңірдің халықаралық ынтымақтастық, оның ішінде табиғи және ауыл шаруашылық ресурстары, адами капиталы мен транзиттік әлеуеті арқылы зор мүмкіндіктерге ие екенін атап өтті.
Екі ай бойы мобильді топтар республиканың барлық 20 өңірін аралайды оның ішінде Шымкент қаласы да бар.
Өңірлерді аралау барысында мобильдік топтардың мүшелері медициналық-әлеуметтік мекемелердегі Халықпен, жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен, жастармен, ұжымдармен және қамқорлықтағылармен кездесулер  ​өткізеді. Әрбір денсаулық сақтау және медициналық мекемелердегі жағдайды жоғарылату, соның ішіндегі медициналық техникалармен жұмысты қадағалау.
Қазақстандықтарға отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, жаңа көші-қон саясаты, балалы отбасыларды қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы төлемдерін арттыру туралы айтылады.

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАН АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ТРАНСФОРМАТОРЛАР ЖАҢАРТЫЛУДА

smarttop

Көшеде заңсыз мылтық ұстап жүрген орта жастағы ер адам ұсталды

smarttop

Шымкент ХҚКО-лары арқылы жеті айда 112 мың паспорт пен жеке куәлік берілді

smarttop

Пікір қалдыру