9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛДА 5 ЕМХАНА, 200 ОРЫНДЫҚ ПЕРИНИТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Үкімет отырысында “Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау” ұлттық жобасын іске асыру бойынша баяндама жасады.

“Соңғы 8 айда белгіленген 9 индикатордың 8-і орындалды. Бір индикатор бойынша – «Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы» туралы мәлімет 2023 жылы шығады”-деді әкім баяндамасында.

Соңғы жылдары қалада туу көрсеткіші жоғарылап, аяғы ауыр келіншектер мен 5 жасқа дейінгі балалар патронажы 73%-дан 100%-ға өсті. Дерекке сәйкес, шетінеген нәрестелер саны да жоспарлы индикаторға әсер етуде. Дегенмен болжам шегінде. Медицинаның зерттеу пәні ретінде адам организмінің қалыпты және патология жағдайында құрылымы мен тіршілік етуі; халық денсаулығы жағдайына әлеуметтік және табиғи ортаның әсері; адам аурулары (олардың себептерін, пайда болу механизмін, белгілерін), аурудың алдын алу, түрлерін анықтау және емдеу тәсілдері мен құралдарын пайдалану туралы мәселелері алынады. Медицина адамтанумен бірегей байланыста бола тұра жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың барлық түрлерінің жетістіктерін ескереді. Медицинаның зерттеу мәселелерінің шеңбері адам өмірінің сан қырлы көріністерін қамтиды.

Түркістан облысының негізгі денсаулық сақтау ұйымдары Шымкентте орналасқан. Сол себепті өлім көрсеткіші қалада тіркеледі. Ал Ұлттық статистика бюросы бұл мәліметтерді түзетіп отырады.

Шаһар басшысы сәбилердің өмірін сақтап қалу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Биыл Шымкентте балалар үшін 10 мобильді педиатриялық бригада құрылды. Емханаларда отбасын жоспарлау және баланы дамыту кабинеттерінің саны 2 есеге артты.

Алдағы 3 жылда 5 емхана, 200 төсектік заманауи периниталдық орталық, университеттік аурухана мен 700 адам қабылдайтын орталық салу жоспарда бар.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Глава государства провел совещание с акимами и руководителями государственных органов

smarttop

ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ ФИЛЫМ КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ НАЗАРЫНА

smarttop

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

smarttop

Пікір қалдыру