19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

«EcoStudentKZ» челленджі

Елімізде жанашыр студенттердің бастамасымен «EcoStudentKZ» челленджі бастау алды.

Алғаш болып шымкенттік студенттер «Қошқар ата» өзенінің жағалауында бейберекет жатқан қоқыс орындарын тазалап «Эко-плоггинг» өткізді.  Жақын маңда орналасқан жергілікті тұрғындар қоқыс қалдықтары мен шайынды суларын өзенге төгетіні байқалады. Бүгінгі таңда бұл мәселе қалалық әкімдік тарапынан қолға алынып, біртіндеп шешімін тауып келеді. Қазір Қошқарата өзені қалалықтар үшін әдемі демалыс аймағына айналып отыр.»Қошқар ата» өзені бойымен Ордабасы алаңына дейін жалғасқан тазалау жұмыстары өз мәресіне жетті.. Осы орайда атап өтсек,  Шымкент қаласының 8 ірі жоғарғы оқу орынан келген ерікті студенттер қатысты. Студенттердің экологиялық жағдайды жақсартуға деген ынталарын мына жоғарыдағы бейнеден бақыласаныздар болады. Ең бастысы қаламыздың тазалығы және осындай тыныштандыру немесе демалыс орындарының қоқыстары бірден көзге түскендігі себебінен «Қошқар ата» өзенінен бастау алды.
Келесі кезекте павлодарлық студенттер эстафетаны жалғастырып, қаланың саябақтары мен алаңдарын қоқыстан тазартатын болады.

Қазақстан тұрғындарына айтарымыз — өзің отырған жерге қоқыс тастама. Осы челлендж арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігімізді танытайық!

#EcoStudentKZ
#Шымқала_жастары

Ұқсас ақпараттар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫ

smarttop

Түлкібастық полицейлер мерекеде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰЛАҚ, МҰРЫН АУРУЛАРЫН ЕМДЕЙТІН БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру