Smarttop.kz

ӨРТ ДЕПОСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы мен қосымша ғимарат құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Жер телімінің жалпы ауданы 1,2 га.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанға арнайы барып, жұмыс барысын тексерді. Тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына сапаны қадағалай отырып, ғимараттың мерзімінен кешіктірілмей берілуін тапсырды. Өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал-жабдықтары орналастырылған ғимарат. ӨСД-ның құрамында: тұрақ, байланыс пункті, класс бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту посттары, өрт сөндіруге қажет құралдар мен жабдықтар қоймасы, т.б. бөлмелер болады. ӨСД-нда 2-ден 8-ге дейін (кейде одан да көп) өрт сөндіру автомобилі болады. Автомобильдер тұрақта бір қатар болып тұрады. Депо ауласында оқу-жаттығу қалашығы, жанар май ст. болады.Өрт сөндіру бөлімінің жүрегі байланыс бекеті болып табылады, бұл жерге барлық өрт туралы хабарлар және оқиғалар түседі. Қабырғада көшелер мен объектілерді, ғимараттар мен үйлерді көрсете отырып шығу ауданың картасы орналасқан. Қызмет көрсету аймағында белгіленген резервуарлар мен өрт сөндіру гидрантар орналасқан. Өрт сөндіру бөлімінің жүрегі байланыс бекеті болып табылады, бұл жерге барлық өрт туралы хабарлар және оқиғалар түседі. Қабырғада көшелер мен объектілерді, ғимараттар мен үйлерді көрсете отырып шығу ауданың картасы орналасқан. Қызмет көрсету аймағында белгіленген резервуарлар мен өрт сөндіру гидрантар орналасқан.

Құрылыс жұмыстары биыл басталған болатын. Жоспарға сәйкес ғимарат құрылысы келесі жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған екі жүргізуші жауапқа тартылды

smarttop

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ КАСПИЙ ЖӘНЕ АРАЛ ТЕҢІЗДЕРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ҮШІН БІРЛЕСКЕН КҮШ-ЖІГЕР ҚАЖЕТ ЕКЕНІНЕ НАЗАР АУДАРДЫ

smarttop

МЕГАПОЛИСТЕ КӨЛІК САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру