3.3 C
Шымкент
Суббота, 23 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРАТАУДА 2 ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АШЫЛАДЫ

Шымкент қаласының Қаратау ауданында қос бірдей индустриалды аймақтың құрылысы қызу жүргізілуде. Аталған аймақтарда 35 жоба жүзеге асырылып, 2000-ға жуық жұмыс орны ашылатын болады. Бұл туралы аудан әкімі Р.Мулкеманов шаһар басшысы М.Әйтеновтің халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.
-Қазіргі кезде “Тассай” индустриалды аймағының аумағы 100% қамтылған. Осы кезге дейін 20 жобаны іске қосып, нәтижесінде 1500 адамды жұмысқа орналастырдық. Жыл соңына дейін тағы 8 нысанды іске қоссақ, 885 жұмыс орны ашылады-деді Р.Мулкеманов.
Индустриалды аймақ құру – ел өркендеуінің кепілі.  Өйткені, инновациялық жобаларды іске қосу – облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттырады: жаңа өндіріс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік туады. Осыған орай, жыл басында облыс әкімі Асқар Мырзахметов өңірде 4 индустриалды аймақ құру жұмыстарын қолға алуды тапсырған болатын. Ал, жұмыстың қалай іске асырылып жатқаны, кәсіпкерлерді тарту,  сұранысқа ие өнім түрлерін зерделеу ісінің қалай жүргізіліп жатқаны кезекті жиында  талқыланды.Жауапты сала мамандарының  кәсіпкерлер тарту,  өндіріске қолайлы бос жатқан жерлер мен ғимараттарды зерделеу жұмыстары – көңіл көншітпейді.  Осыған байланысты аймақ басшысы істі тереңірек зерделеп, нақты ұсыныстар мен мәліметтер беруді тапсырды. Тек қана Жамбыл облысынан ғана емес, республика бойынша инвесторлар тартып, ірі, шағын демей, түрлі бағыттағы индустриалды-инновациялық  жобаларды дамытуды қолға алу керектігін атап айтты.
Бұдан бөлек аудан әкімінің айтуынша, “Бозарық” тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағынан 21 тамақ өнеркәсібі, ал “агроиндустриалдық” аймақтан 14 өндірістік жылыжай кешенін ашу жоспарланған. Қазіргі таңда инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Сахна тақырыпқа сай безендендірілген

smarttop

ЭКСПОРТТЫҚ ӨНДІРУШІЛЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

smarttop

АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАРҒА “АЛТЫН АЛҚА” ЖӘНЕ “КҮМІС АЛҚА” ТАБЫСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру