16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ҚР Президентінің Жолдауы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі жастарымен «New public management» тақырыбында кездесу өтті.
AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Бақыт Қыдырбаев Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып, оны іске асыру мәселелерін талқылады.Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру.
Спикерлер жаңа экономикалық саясат, экономикалық саясаттың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды, жастар кәсіпкерлігін дамыту, әлеуметтік саланың әлеуетін көтеру, адами капиталды дамыту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді.
– Мемлекет басшысы өз Жолдауында ел дамуының алдағы басым бағыттарын нақтылап берді. Адами капиталды дамытуға жеткілікті қолдау көрсетілуде. Қазір білім, медицина саласында жаңа технологиялар енгізіліп, бәсекелестік артып келеді. Бәсекелестік заманында білім алып, өз салаларыңның үздік маманы болуларың керек, – деді Ж.Бектаева.
Мәслихат депутаты Б.Қыдырбаев ендігі кезекте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстанып, жастарды Әділетті Қазақстанды құруға өз үлестерін қосуға шақырды.
Колледж студенттері жастар кәсіпкерлігі, жеңілдетілген несие беру жөнінде өз сауалдарын қойды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

БІРЕГЕЙ ТҰЛҒА АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ШЫМКЕНТТЕ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

smarttop

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ҚАРАТАУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ КУБОГІ ӨТКІЗІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: 33 КӘСІПОРЫНДАҒЫ 1304 ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨТЕЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру