Қатынкөпір шағын ауданынан бастасақ, Шымкент қаласы, Абай ауданына қарасты Қатынкөпір шағын ауданында
5 302 отбасы қоныстанған. Халық саны 37 150 адамды құрайды.
Бүгінде шағын ауданда, сапалы ауыз су, табиғи газ,
сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген.
Жалпы саны 107 көшенің 75-і асфальт, 32-сі тас жол. Биыл Спатаев, Ирисмет ата, Айбек , Яссауй — 4 көше пайдалануға берілді. Жарықтандырылған көшелер саны – 18.
Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында базалық станция орнатылған.
Солтүстік-батыс шағын ауданында 181 отбасы қоныстанған. Халық саны 6 355 адам.
Сапалы электр қуаты, табиғи газ, және ауыз сумен толық қамтылған.
Солтүстік-батыста жалпы саны 39 көшенің 22-сі асфальт, 17-сі тас жол. Биылғы жылы Өріс тұйығы, Талас , Бектау жалпы 2 көше жөндеуден өткізілді. Өзекті көшесі пайдалануға берілді. Жарықтандырылған көшелер саны – 3.
Шағын ауданды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты оптика желісі орнатылған.
Самал-3 шағын ауданында 6 801 отбасы, немесе халық саны 27 090 адамды құрайды.
Шағын аудан тұрғындары ауыз су, табиғи газ, және сапалы электр қуатымен толық қамтамасыз етілген шағын ауданда жалпы саны 63 көше бар. Оның 24-і асфальт, 39-ы тас жол. Биылғы жылы Б.Момышұлы (жалғасы 1,2,3,4) Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын 6 көше жөндеуден өткізілді.
Жарықтандырылған көшелер саны – 14.
Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты оптика желісі жүргізілген.
Абай ауданына қарасты, Шұғыла шағын ауданында 728 отбасы қоныстанған болса, халық саны 3820 адамды құрайды.
Бүгінде шағын аудан, сапалы лектр қуатымен, ауыз сумен, және табиғи газбен толық қамтылған.
Шұғылада жалпы саны 16 көше бар, 16 көшеге де толығымен асфальт жабыны төселген, және толық пайдалануға берілген. Жарықтандырылған көшелер саны – 4.
Сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында талшықты оптика желісі орнатылған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі