0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖОЛДАУ ЖҮГІ НӘТИЖЕЛІ ІСКЕ БАСТАЙДЫ

Бүгін Еңбекші ауданының Маятас тұрған алабында орналасқан №119 мектеп қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты кезекті Жолдауын AMANAT партиясының Еңбекші аудандының Атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Басқосуда Г.Жартыбекова тұрғындарға Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауда айтылған қазақ тілінің мәртебесіне, халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласы мен жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне, сондай-ақ, Ұлттық қордың табысын қарапайым бұқараның есебіне аударуға баса назар аударғаны халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралардың маңыздылығын айтты.Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы биыл екі рет халыққа Жолдауын арнаса, бұл елімізде саяси-экономикалық өзгерістердің жүріп жатқанын білдіреді. Жолдаудың бағытымен дамудың жаңа жолымен жүріп өтуге мүмкіндік аламыз. Біздің елімізде ең алдымен адам құқығы қорғалуы тиіс. Бұл жөнінде яғни, адамдардың денсаулығы, тегін білім алуы, заң алдында өзінің құқығын қорғауында болды.Кездесуде «AMANAT» партиясының өкілдері Президент Жолдауында айтылған саяси реформаларды жүзеге асуыруда тиіст жұмыстар атқаралып жатқанын атап өтті.
— Биыл білім саласына жаңа өзгерістер енгізілуде. Осыған байланысты қаламызда бірқатар шаруалар атқарылды. Қала бюджетінің 30 % -дан астамы білім саласына бағытталып,167,8 млрд теңге бөлінді. Оқу жылының басынан 1-4 сынып оқушыларына 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылды. Оған 6 млрд жуық қаражат қаралды.

Ұстаздар қауымы Жолдаудағы білім саласын ілгерілетуге қатысты айтылған ойларды ортаға салып, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Бұл бағытта жұмыстарды жандандыруда өз үлестерін қосатынын тілге тиек еткен педагогтер Жолдауды қолдайтындарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

АРЕНДАЛЫҚ БАСПАНАНЫ КІМДЕР АЛАДЫ?

smarttop

Мейрамханаға ұрлыққа түскен мейрамхана қызметкері анықталды

smarttop

СЕССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ҚАЛА БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру