9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЕГЕМЕНДІК ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

Еліміздің егемендік тойын мегаполис жұртшылығы ерекше атап өтіп жатыр. Қаладағы барлық алаңдар мен орталықтарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек.

«Арбат» алаңында Шымкент қалалық Мәдениет басқармасына қарасты музей, кітапхана, театр ұжымдары Республика күніне орай ұйымдастырылған көрмеге қатысып, тақырыптық көрнекіліктерін қалың көпшілікке таныстырды. Тәуелсіз мемлекеттің барлық тыныс — тіршілігін, оның мемлекеттік құрылымын әлеуметтік, экономикалық дамуы мен саяси жүйесін қалыптастырып, оны нығайтуға ат салысқан, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заңдардың қабылдануы да осы заң шығарушы орган – Парламенттің үлесіне тиесілі.

— Республика күні биыл ұлттық мереке мәртебесін алып, ерекше аталып отыр. Бүгін Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің мамандары құнды құжаттар мен деректерімізді көрмеге әкеліп отырмыз.Оның ішінде музейдің бастамасымен жарыққа шыққан «Ақ жол»,«Шолпан» еңбектері бар. Ұлттық мерекенің ұлықталып, халықтық тойға айналғаны қуантады. Барша шымкенттіктерді мерекемен құттықтаймын,- дейді бұқара халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Забира Мұратбекова.

Ұлттық мерекелер мен атаулы күндер тізбесіне бірқатар өзгеріс енгізген жөн. Мен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек

Салтанатты жиында Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Білекті азаматтар қол күресіп, мықтылары қошқар көтеріп, өз бақтарын сынады. Ал, жасөспірімдер асық ойнады. Қала дәмханалары мен кондитерлік үйлері өз дәмдерін ұсынды.

«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

АСАНБАЙ АСҚАРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ

smarttop

БИЫЛ ЖАУЫН СУЫ ЖИНАЛАТЫН 6 ОРЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

smarttop

«БОЗАРЫҚ» ӨНДІРІСТІК АЙМАҒЫ — ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІ НАРЫҒЫН ЖАУЛАУҒА ДАЙЫН БА?

smarttop

Пікір қалдыру