8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Мейрамханаға ұрлыққа түскен мейрамхана қызметкері анықталды

Кентау қалалық полиция бөліміне мейрамхана иесі, жергілікті тұрғын арызданды. Кәсіпкердің айтуынша, оның мейрамханасына белгісіз біреу есігін бұзу арқылы заңсыз кіріп, теледидар, дыбыс күшейткіш, колонка аппараттарын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге 1 миллионнан астам шығын келген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.
Аталмыш ұрлық қылмысы бойынша кентаулық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Полицейлер барлық қажетті шараларды іске асырып, күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жергілікті тұрғын, сол мейрамхананың қызметкері болып шықты.
Белгілі болғандай күдікті ер адам мейрамханада техникалық құралдарға жауапты адам болып жұмыс жасаған. Содан ақшадан қиналған мейрамхана қызметкері мейрамханада ешкімнің жоқтығын пайдаланып, өз арам ойын жүзеге асырған. Қолды қылған заттарды танысына сатып жіберген.
Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БЕЛСЕНДІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

Полицейлермен «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы кезінде 1100-ден астам объект тексеріліп, 500-ден аса хаттама толтырылды

smarttop

2023 ЖЫЛЫ ШЫМКЕНТ ТОЛЫҚТАЙ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру