0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТОҒЫС ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА 200 ОРЫНДЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҚ ЕСІК АШТЫ

Шымкент  қаласына іргелес жатқан Тоғыс тұрғын алабында жаңа ашылулар болуда.Тоғыс елдімекенінде 15 000-нан астам халыққа қызмет көрсететін «Togus-med медицина орталығы» — жеке инвестиция есебінен ашылуда.Нәтижесінде медициналық қызметпен қамтылатын елдімекендер — Тоғыз, Елтай, Жыланбузған, Маятас, Айнатас.

Орталықтың бір ауысымдағы сиымдылығы — 200 адам.

Мұнда бастапқы әлеуметтік-медициналық көмекпен бірге, (ересектер мен балаларға)

ЖТД, педиатрия, акушер-гинекология, хирургия, травматология, кардиология, эндокринология, онкология, урология, гастроэнтерология, ЛОР, офтальмология, стоматология, ревматология, профпатология, неврология, дерматовенерология;
— Медициналық реабилитация және физиотерапия, емдік физкультура, массаж;
— Диагностикалық қызметтер: Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, Холтер, Спирография, Лаборотория;
— Күндізгі стационар болады.

Рентген, флюрография, УЗИ, ЭКГ, ЭЭГ, холтер, спирограф тағы да басқа заманауи аппараттармен жабдықталады.Медициналық пунктінің негізгі міндеттері мен функциялары:
— студенттерге, профессор-оқытушы құрамына, қызметкерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
— студенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығының тұрақты сараптамасын өткізеді, денсаулығының жағдайы туралы анықтама беріп, сабақтардан босатуын ұйымдастырады;
— учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша аурудың қайталауына қарсы емді қамтамасыз етіп, физио ем-шаралар мен егулерді жүзеге асырады;
— ЖИТС, нашақорлық, жыныстық қатынастан жұғатын соз аурулар бойынша дәрістерді оқу арқылы (жетекші мамандар мен СӨС қызметкерлерін шақырып), санитарлық-ағарту жұмыстарды жүргізу, әр тақырыптарға санбюллетеньдерді шығару;
— студенттердің және ПОҚ флюорографиялық тексеруін қамтамасыз ету.

Жаңа емханда ашылғанда алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігі жақсарып, пациенттер уақтылы, толық және сапалы тексеру және амбулаториялық немесе күндізгі стационар жағдайында ем қабылдайтын болады.

«Медициналық орталық бұл елдімекендерге жақын орналасқан. Қалаға әуре болмай-ақ қызметтің басым бөлігін осында алуға болады.
Бұл өз кезегінде халыққа сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін арттырады»-деді шаhар басшысы.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасы

Ұқсас ақпараттар

Түркістан полицейлері облыста заңсыз жүрген 40-тан астам шетелдікті анықтады

smarttop

ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА 90 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЖУЫҚ ЖЕР ОРТАҚ ЖАЙЫЛЫМҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ 5 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

smarttop

Пікір қалдыру