Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданындағы жаңақұрылыс аумағында орналасқан елді мекендерде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым нысандары жұмыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті.
Аудандарға қарасты және шағынауданының Батыс бөлігінде 2 071 үй орналасқан. Инфрақұрылыммен қамту мәселесі өзекті. Қазіргі таңда газ, су, жол, жарық мәселесін шешу үшін құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаһар басшысы М.Әйтенов аталған елді мекенге барып, құрылыс сапасын тексерді, тұрғындарымен кездесіп, өтініш-тілектерін тыңдады.
Қазіргі таңда электр қуатымен қамту жұмыстардың 90%-ы атқарылған. Қыркүйек айының соңында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілмек. Нәтижесінде, Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа елді мекендеріндегі 1 729 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Кез келген қалада экономиканы реформалау барысында алдымен инфрақұрылымды дамытуға басым бағыт беріледі. Өндірістік инфрақұрылымды құрудың түрлі кезеңдерінің өндірістік үдерістің дамуына да түрлі әсері болатыны белгілі. Өндіріс қалай дамыса, оның инфрақұрылымы да соған сәйкес ілгері басуы тиіс. Олар бір-біріне баламалы сипат алуы керек. Қала экономикасының аграрлық секторы ырғақты дамуы үшін өндірілген өнімнің көлемі емес, оны ұқсату бәйге атындай қатар еріп отырса игі. Ол өнім өндіруді ұйымдастыру, ауылшаруашылық ресурстарын тиімді пайдаланудағы маңызды күш өндірістік инфрақұрылым екені айқын. Ауылшаруашылық өндірісі, онда өндірген өнімді ұқсату, тұтыну деңгейіне жеткізу, оны сату міне, осының барлығы да қалыпты ырғаққа түсу үшін өндірістік инфрақұрылым саланың қосалқы жүйесіне айналуы тиіс.
Ауыз су құбырлары жүйесін орнату жұмыстары 11%-ға орындалған. Нысан 2023 жылы аяқталмақ.
Аталған елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.
Қала басшысы абоненттеу жұмыстары барысында тұрғындардың жұмыла әрекет жасау керектігін атап өтіп, сала басшыларына бұл істі тиімді ұйымдастыруды тапсырды. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҚСЫ ДАМЫТУДА