Smarttop.kz

Мейрамханаға қонақ болып келіп, ұялы телефон ұрлаған егде жастағы әйел анықталды

Сайрам АПБ-ға мейрамхана даяшысы өзінің ұялы телефонының ұрланғанын жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша, аудан орталығындағы мейрамхана үстелінен «Redmi» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреулер алып кеткен.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ақпарат көздеріне сүйенді. Соның нәтижесінде күдікті егде жастағы әйел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.
Белгілі болғандай күдікті әйел мейрамханаға қонақ ретінде келген. Содан қараусыз тұрған ұялы телефонды көріп жымқырған.
Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ СУРЕТШІ АБДУАХАТ МҰРАТБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ: «БЕС ЖЫЛДА 101 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ»

smarttop

Түркістан облысында алаяқтық жайтына қатысы бар бұрын сотты болған күдікті ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру