9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ЕГЕМЕНДІК ТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ

Еліміздің егемендік тойын мегаполис жұртшылығы ерекше атап өтіп жатыр. Қаладағы барлық алаңдар мен орталықтарда мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдануымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздерімі бекітілді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектелді. Осы кезден бастап демократиялық қоғам құру мақсатында ел ішіндегі қоғамдық-саяси құрылымға біраз өзгерістер енгізіле бастады.

«Арбат» алаңында Шымкент қалалық Мәдениет басқармасына қарасты музей, кітапхана, театр ұжымдары Республика күніне орай ұйымдастырылған көрмеге қатысып, тақырыптық көрнекіліктерін қалың көпшілікке таныстырды.

— Республика күні биыл ұлттық мереке мәртебесін алып, ерекше аталып отыр. Бүгін Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің мамандары құнды құжаттар мен деректерімізді көрмеге әкеліп отырмыз.Оның ішінде музейдің бастамасымен жарыққа шыққан «Ақ жол»,«Шолпан» еңбектері бар. Ұлттық мерекенің ұлықталып, халықтық тойға айналғаны қуантады. Барша шымкенттіктерді мерекемен құттықтаймын,- дейді бұқара халықпен жұмыс жүргізу бөлімінің маманы Забира Мұратбекова.

Салтанатты жиында Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Білекті азаматтар қол күресіп, мықтылары қошқар көтеріп, өз бақтарын сынады. Ал, жасөспірімдер асық ойнады. Қала дәмханалары мен кондитерлік үйлері өз дәмдерін ұсынды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ СЕЙСМОЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру