18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

Полицейлер үйіне есірткі жасырған жергілікті тұрғынды анықтады

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғынның үйінде заңсыз есірткі сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркелді. Ал облыс орталығының тәртіп сақшылары хабар алысымен аталған мекенжайға шұғыл жетіп, тұрғын үйге тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сезіктінің үйіндегі диванның қуысына жасырылған газет орамасын тапты. Оның ішінен есірткі затына ұқсас зат тәркіленіп, тиісті сараптамаға жіберілді. Сараптама қорытындысына сәйкес ол «кептірілген марихуана» болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты ҚК-нің 296-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдікті ер адамның басқа да қылмыстық жайттарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау мен заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Ұқсас ақпараттар

ЛЮДИ — главная ценность страны

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРДАН 149 СҰРАҚ ПЕН ҰСЫНЫС КЕЛІП ТҮСТІ

smarttop

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНЦИЯСЫ САЛЫНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру