16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Аудандардағы жүргізілген жұмыстар бойынша 9 айлық есепті айтты

Бүгін осы тақырыпта сөз қозғайтын  Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингінде айтты.Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі Досбол Есілбек 2022 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдеріне берген баспасөз брифингінде айтты.

Ауданда табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші мемлекеттік жүйеде 86,4% жекеменшік жүйедегі 4,3%-ды құрайды.
Қамтылмаған 9,3%-ды мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілген. Қазіргі таңда 5 елді-мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке (Қарабастау, Жұлдыз, Жалын, Қаратөбе, Оңтүстік) «Бірлестік» ЖШС-і жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуде. Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың қорытындысымен жаңақұрылыс аймақтарындағы 6149 абонентті табиғи газбен қамтып, көрсеткішті 100%-ға жеткізу жоспарланған.

Брифинг барысында аудан әкімі Досбол Есілбек, аудандағы жарықтандыру, ирригация, абаттандыру жұмыстарына да тоқталды.
Аудан аумағында су басу қауіпі бар 52 мекен-жай анықталды. Оның ішінде бірінші кезекте жалпы ұзындығы 7,3 шақырымды құрайтын 21 мекен-жайға 2022 жылы ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Профиленд» ЖШС-і 15 мекен-жайда 6,1 шақырым ирригациялық арықтарды орнатты. Жұмыстарды толығымен қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына аясында 18 көше жарықтандырылған болса, 2022 жылы 34 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 18 көше жарықтандырылған. Жыл соңына дейін 16 көше жарықтандырылады деп күтілуде. 2023 жылға – 15 көшені жарықтандыруға жобалау сметалық құжаттамалар әзірленді. Қосымша 15 көшені жарықтандыруға нақтылау жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ – ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫ: ӘР АУДАННЫҢ ДАМУ НҮКТЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

smarttop

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру