Қала көркіне ашатын тағы бір нәрсе – ағаштар. Шымкентті жасыл қала деп санағанымызбен, ағаштардың аздығы әлі де байқалады. Жасыл желектің көбеюі қаланың экологиялық ахуалын да жақсарта түседі. Соныдқтан әр көктем мен күзде ағаш отырғызу үрдісі тоқтаған емес.
Қазір де күзгі маусымдық ағаш егу жұмыстары жалғасуда.
Дайындық 5 қарашадан басталған, қазіргі күнге дейін «Шымсая» шатқалына 500-ден аса терек отырғызылды.
Жоспарға сай бұл аумаққа 8378 ағаш көшеті егілмек. Оның ішінде жиде, глядичия, жабайы өрік және айлант көшеттері бар.
Мұндағы отырғызылған ағаштар үшін барлық аумақты сумен қамтамасыз ететін 4 ұңғыма бар. Қосалқы жағдайда су тасымалдаушы арнайы техникалар да қарастырылған.
Бұл жұмысқа Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы «Жасыл белдеу» КММ-нің қызметкерлерімен қоса, 20 маман мен 3 тракторды жұмылдырып отыр.
Сонымен бірге, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты «Абай» саябағының аумағындағы жүріп өтуге кедергі келтіріп, саябақтың өңін кетіріп тұрған бетон бағаналар алынғанын айта кетейік.
Мұнда 20 жұмысшы мен 4 техника жұмылдырылып, қураған ағаш бұталарын тазалау, қоқыстарды жинау, аяқ жолдар мен ирригациялық арық жүйелерін тазарту жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек «Абай» саябағына басқарма жоспарына сәйкес жаңадан 700 дана арша, туя, альбиция, писсарда ағаш көшеттерінің түрлері отырғызылуда.
Тазалау, реттеу, ағаш отырғызу, саябақты әрі қарай жандандыру бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, Шымкент қаласының қалалық жайлортаны дамыту басқармасының балансында 8 саябақ және 39 гүлзарлар мен аллеялар, 37 субұрқақ, 44 ұңғыма, 50 ескерткіштер бар. 8 саябақ, 39 гүлзар күтіп-ұстау жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroy» ЖШС, 2021 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс жасауда. 50 ескерткіш күтіп-ұстау мердігер мекеме «МраморГранитТас» ЖШС 2021 жылдың сәуір айынан бастап, ал 37 субұрқақ және 44 ұңғыманы күтіп-ұстау мердігер мекеме «Пример Строй» ЖШС 2021 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс атқаруда.