7.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІҢ АУАСЫ ЛАСТАНУДЫҢ КӨТЕРІҢКІ ДЕҢГЕЙІНДЕ

Шымкент қаласының Ақпараттық коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы бойынша экология департаменті басшысының м.а. Ермахан Қозыбаевтың қатысуымен 2022 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өтті.

– Өткен жылы индустриалды аймақта 8 кәсіпорынға тексеру жүргізіліп, жалпы сомасы 7 млн теңгеден астам 12 әкімшілік айыппұл салынды. Ал биыл жылдың 10 айында 18 кәсіпорын тексеріліп, жалпы сомасы 36 млн теңгеден астам 42 әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі таңда ауаның ластануы 4 деңгеймен сипатталады: ластанудың өте жоғары деңгейі, жоғары деңгейі, көтеріңкі деңгейі және төменгі деңгейі. 2022 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Шымкент қаласы көтеріңкі деңгейде тұр. Тексеру барысында анықталған негізгі бұзушылықтар: экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеу, ластаушы заттарды тазалалау қондырғыларсыз, фильтрлерсіз тыс ауаға тастау, рұқсаттарда ескерілмеген қосымша ластау көздерін пайдалану және белгіленген мөлшерден жоғары көлемде ластаушы заттарды ауаға тастау болып табылады. Аталған бұзушылықтар қаладағы ауа сапасының төмендеуіне әкеліп соқтыруда.

Ластау көзін анықтау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, түнгі кезекшілік ұйымдастырылған. Жалпы, Департамент тарапынан ластау көздерін анықтау бағытында жұмыс атқарылуда, тексеру саны, тексеру сапасының деңгейі жылдан жылға артуда. Бей-берекет қоқыс орындарын жою бойынша, ғарыштық мониторинг арқылы бей-берекет қоқыс үйінділерінің 45 координаттық нүктелері анықталып, аудан әкімдіктері тарапынан толық тазаланды», — деді спикер.

2022 жылдың 10 айында 43 тексеру жүргізіп, 173 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 57 млн теңгеден астам айыппұл салған. Салыстырар болсақ, өткен жылдың 10 айында 21 тексеру жүргізілген. Жалпы сомасы 8 млн теңгеге жуық айыппұл салынған. Яғни, тексеру 2 есеге жуық, айыппұл сомасы 7 есе артқан.

Брифинг барысында Е.Қозыбаев 10 айда атқарылған жұмыстардан бөлек, жақында ғана әлеуметтік желілерде резонанс тудырған сусын шығаратын зауыттың сарқынды суларының су каналына төгілу дерегі бойынша да айтып өтті.

– Департаментке 2022 жылдың 29 қыркүйегінде Тассай тұрғын үй алабында сусын шығаратын зауыттың сарқынды суларының су каналына төгіліп жатқаны жөнінде арыз келіп түскен. Департаменттің зертханалық-талдау бөлімі мамандарымен арыздағы мекенжайға шығып, кәсіпорынның атауы «Юникс Беверейдж» ЖШС екені анықталады. Сол жерде, кәсіпорыннан бетондалған су каналына құбыр шығып су тасталып жатқандығы расталды. Мамандармен су сынамалары алынды. Алайда, арыз берген азаматтар электронды түрде өз арыздарын қайтарып алған. Департамент тарапынан бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшада барлық іс-қимыл хабарландырылып, ашықтық қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ экология, геология, және табиғи ресурстар министрлігінің Шымкент қаласы бойынша «Адалдық алаңы» жобалық кеңсе жетекшісімен Департамент атына тиісті шара көру жөнінде өтініш жолданап, нәтижесінде, қазіргі таңда, департамент мамандарымен тексеру жұмыстары басталған. Нәтижесі ақпарат құралдарында, әлеуметтік желідегі парақшада жарияланатын болады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ БІРҚАТАР ШЕКТЕУЛЕР ҚОЙЫЛАДЫ

smarttop

Жайылымнан жоғалған 20-дан астам ұсақ мал иесіне қайтарылды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру