Әл-Фараби ауданы аумағындағы ірі сауда орындары мен үй алдындағы азық-түлік дүкендерін аралап, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (19 тауар) мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді деп көрсетілген.
Бүгінде тұрғындар тарапынан азық түлік бағаларына арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізіп тұру туралы өтініштер жиі түседі. Өйткені азық түлік дүкендерінде бағалар жиі өзгеретіні жасырын емес. Кез-келген тауар түрін қымбат бағаға саудалауға құмбыл сатушылар ол үшін арнайы заң талаптары барын білмейтіндігі жасырын емес.Ал, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 204-4 бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республкасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белігленген сауда үстемесінің мөлшерін арттыру – ескерту жауасауға алып келеді.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады делінген.
Егер, қала аумағындағы дүкендерде тауар бағаларының қымбаттағанын байқасаңыздар 24-75-41 сенім телефонына хабарлассаңыздар болады.