3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫН ЖАҚСАРТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін ҚР Экология министрі Серікқали Брекешев М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қаласының тұрғындарымен кездесті.
Тұрғындар алдында сөйлеген сөзінде министр жалпы республика және қала бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндап, министрліктің алдағы жоспарлары туралы айтты.

—Шымкент қаласының экология ахуалын жақсартуға арналған жол картасында 29 іс-шара қамтылған болса, оның 10-ы орындалды. Мәселен, қоғамдық көліктердің басым көпшілігі газға көшкен. Тұрғындарды табиғи газбен және кәріз жүйесімен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Ауаны ең ірі ластаушы болып саналатын Шымкент мұнай өңдеу зауыты толық модернизациядан өтіп, өндіріске қоршаған ортаны қорғайтын технологиялар енгізілді. Мұның бәрі қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға көмектеседі, — деді С.Брекешов.Шымкент қаласының негізгі экологиялық проблемаларының бірі ол атмосфераның ластануы. Ауаны ластаушылар қала аумағында орналасқан ірі кәсіпорындар, автокөлік және қатты отында жұмыс істейтін қазандықтар болып табылады. Сондықтан қалаға ауаның ластануын көрсететін құрылғы орнатылатын болады. Осы ретте, қала әкімінің орынбасары ауаның ластануын көрсететін құрылғыны орнатуда тұрғындардың шағымын ескеру қажет екенін айтты.«Қалаға ауаның ластануын көрсететін құрылғыны орнатқандарыңыз орынды. Бірақ Қонаев даңғылына емес оны халық үнемі ауа ластанғаны туралы көп шағым айтатын аймақтарға орнату керек. Қонаев пен Тәуке хан даңғылы қаланың ең биік нүктелері, үнемі жел болып тұрады. Сондықтан ол жерге құрылғы орнату тиімсіз», — деді Е.Білісбеков.

Кездесу барысында қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелер қозғалды. Мәселен, Шымкент қаласының шеткі шағынаудандарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету, тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мен қайта өңдеу саласы және атмосфералық ауаның сапасы секілді проблемалар талқыға салынды.
Есеп беру кездесуінен кейін министр азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтары мен өтініштерін тыңдады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

Шымкентте 2,5 мың адам есірткі жарнамасын жоюға атсалысты

smarttop

ҚАРАБАСТАУҒА ҚАРАШАДА АУЫЗ СУ БЕРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру