0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Шымкент: Жас офицерлер жиыны аяқталды

Шымкентте әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің әскери бөлімдеріне тағайындалған лейтенант-түлектер жиыны өтті.

Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері және әуе қозғалысын басқару органдары кіреді. Олар еліміздің әуе шекарасын қорғау, мемлекеттік, әкімшілік және әскери нысандарды әуе шабуылына қарсы қорғау, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің басқа түрлері мен тектерін авиациялық қолдау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындауға міндетті. Осы жиында әуе қорғаныстарының қызмет жолындағы түлектерімен жас офицерлерін көретін боламыз.Әскери қызметте жүрген нәзік жандылар мен сымбатты сарбаздар әсем әуеннің ырғағында бұрала би биледі. Қатысушыларға көтеріңкі-көңіл күйден бөлек, патриоттық сезім сыйлаған кеш болды. Шараның да мақсаты сол, яғни әскери қызметкерлердің беделін арттыра отырып, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу,- болып табылады деп жеткізді.

Жиын аяқталғаннан кейін жас офицерлер қызмет өткеру орны бойынша өздерінің қызметтік міндеттеріне кірісті.
Жиынға барлығы 50-ден астам жас офицерлер қатысты. Жаңадан тағайындалған командирлер заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді, әскери жарғыларды, атыс, арнайы және дене шынықтыру ережелерін егжей-тегжейлі зерделеді. Лейтенанттар психологиялық тестілеуден өтіп, Макаров пен АК-74 қаруларына ату жаттығуларын орындады.
Сонымен қатар, жас офицерлерді жиын барысында тактикалық және атыс даярлығы бойынша жеке құраммен өзіндік жұмысқа дайындады. Жиын ҚР ҚК ӘҚК ӘШҚК әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Қайрат Бауыржановтың басшылығымен өтті.
— Жас офицерлер әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімдерінде алдағы әскери қызметке бейімделуі қажет. Өткен жиында біз оларды лауазымды қабылдау, жеке құраммен оқу процесін ұйымдастыру және тәрбие жұмысын сапалы жүргізу бойынша қажетті біліммен қаруландыруға тырыстық, — деп атап өтті ол.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Д.ҚОНАЕВ ДАҢҒЫЛЫНЫҢ 5 КЕЗЕҢІНДЕ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

smarttop

Қанат Серікұлы ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды

smarttop

Түркістан облысының полицейлері діни қызметке қатысты заңды бұзғаны үшін жергілікті тұрғынды жауапқа тартты

smarttop

Пікір қалдыру