9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕГЕ АУЫСУ ҰЗАҚҚА БАРМАДЫ

Шымкент қаласында жергілікті 29 компания үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінде 13 компания қызмет атқарады. Ал мұржалар мен желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар. Олармен тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері енгізіліп, іске қосылды. Осылайша техникалық қызмет көрсетуге келісімшартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар.

Осыған байланысты жауапты мамандар қысқы мезгілде жылыту құралдарын пайдаланудың қауіпсіздігін сақтауға шақырады. Осыған орай қала тұрғындарына иіс газынан уланудың алдын алу үшін үйдегі газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуші мекемелермен келісімшарт жасау қажеттілігі түсіндірілуде.

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының мамандары қала әкімінің тапсырмаларына сәйкес тұрғындар арасында газды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жүргізіп келеді. Жыл басынан бері тұрғындарға 42 мыңнан астам жадынама таратылды. Сонымен қатар БАҚ беттерінде видеороликтер, мақалалар жарияланып, арнайы мамандандырылған мекемелердің басшыларының қатысуымен 2 тікелей эфир өткізілді.

Мұндағы мақсат – жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан туындайтын улану жағдайларын болдырмау.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛЫП ЖЕКЕ КӘСІБІН БАСТАҒАНДАР

smarttop

Түркістандық полицейлер сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиналыс өткізді

smarttop

Пікір қалдыру