Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы БАҚ өкілдеріне берген арнайы брифингте айтты.
– Жалпы қала аумағында 983 құрылыс объектілерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде: 794 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындалған (Басқарма реестрінде тіркелген).189 құрылыс объектілерінің құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптары орындалмаған (атқарушы техникалық құжаттары жоқ). Басқармамен ағымдағы жылы жалпы 259 құрылыс объектілері бойынша 629 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, құрылыс сапасына қатысты 70 құрылыс объектілері бойынша 93 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деді спикер.
Спикердің сөзінше, аудандарда да заңсыз құрылыстарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Заңсыз құрылысқа қатысты 13 нысан бойынша сот шешімі шыққан. Оның ішінде сегіз құрылыс нысаны бойынша мәжбүрлеп бұзылып орындалған. Қалған бес нысандарды мәжбүрлеп бұзу бойынша Шымкент қаласының Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімінде қаралуда. Қазіргі таңда заңсыз құрылыстарды анықтау және алдын алу бойынша 2 кезеңінде аудан әкімдіктерімен бірлесіп қала аумағын аралау барысында қосымша тоқсан сегіз құрылыс нысандары анықталды.
Сонымен қатар заңсыз құрылыстарды анықтау және алдын алу жұмыстарын оңтайландыру бойынша қолданыстағы Заң талаптарын бұзған қала аумағындағы заңсыз және техникалық атқарушы құжаттарсыз салынып жатқан құрылыс нысандарын оңтайлы анықтау мақсатында белгiленген тәртiппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаларды «Өңірлік геоақпараттық жүйесі» (ГЕОПортал) мен elicense.kz электрондық порталын интеграциялау арқылы тұрақты енгізілуі және «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, толтырылған әкімшілік хаттамалардыңда тұрақты енгізілуі бойынша жұмыстар жүргізілуде.