0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

АБАЙ АУДАНЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ ТҰРҒЫН КЕҢЕС АЛДЫ

Шымкент қаласында кезекті «Заң керуені» акциясы Абай ауданында өтті. Республикалық акция шеңберінде Шымкент қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұржан Сейдалиев, Абай ауданының прокуроры Жасұлан Әділбайұлы, аудан әкімі Бұхарбай Парманов және көшпелі мобильді топ өкілдері тұрғындардың мәселесін тыңдап, құқықтық және заңгерлік кеңестерін берді.
– Бүгін халықпен тікелей кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелерді азаматтардың өз аузынан естіп жатырмыз. Тұрғындар жерді заңдастыру, әлеуметтік төлем, құрылыс, қоғамдық көлік және тағы да басқа салаларға қатысты өзекті мәселелерін жеткізуде.
Заңсыздықтар орын алып жатқан болса, осында жиналған құзырлы органдар мен мемлекеттік мекеме өкілдерімен бірлесе мәселені шұғыл шешуге мүмкіндік бар. Кейбір азаматтарға заң талаптары жөнінде түсіндіріліп, құқықтық кеңестер беріліп жатыр, — деді қала прокурорының бірінші орынбасары.

Кездесуде халыққа заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралары туралы айтылды.Шара барысында тұрғындар құқық қорғау ведомстволарының басшыларына сұрақтар қойып, олардың сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер берілді.Кездесу соңында органдардың басшылығы азаматтардың жеке қабылдауын жүргізді.Жеке қабылдаудан түскен барлық өтініштер тіркеліп, толымды жауаптар берілді.Қосымша зерделеуді және тексеруді талап ететін бірқатар сұрақтар бақылауға алынды. Кері байланыс тәртібінде қарау нәтижелері жақын арада арыз иелерінің назарына жеткізілетін болады.

«Заң керуені» акциясы бүгін, яғни 4 қараша күні өз мәресіне жетіп отыр. Абай ауданында акция барысында 500-ге жуық тұрғынға заңгерлік, құқықтың кеңес беріліпті. Осы іс-шара барысында шешімін таппаған мәселелер Шымкент қаласы прократурасының бақылауына алынып, зерделеу жұмысы жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.
Сонымен қатар Шымкент қаласы прокуротурасында азаматтарды қабылдау орталығы тұрақты түрде жұмыс істейді. Кез келген азамат осы орталыққа барып, кезекші прокурорға өзінің талап-тілектері мен шағымын жеткізе алады. Қала прокуроры мен орынбасарлары бекітілген кесте негізінде азаматтарды күнделікті қабылдауға дайын.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ҚҰЛПЫНАЙ ӨСІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЕКІ ЖОБА ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

smarttop

АКИМ ГОРОДА ПРОВЁЛ ВЫЕЗДНУЮ ВСТРЕЧУ С ЖИТЕЛЯМИ АБАЙСКОГО И АЛЬ-ФАРАБИЙСКОГО РАЙОНОВ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМ ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру