13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ 2023 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚТАЙ ШЕШІЛЕДІ

Қайнарбұлақ- Түркістан облысы Сайрам ауданындағы таратылған ауыл. 2014 жылы қала аумағына енген болатын.

«Қайнарбұлақ» ең өзекті мәселелердің шоғырланған аймақ екені рас. Бірақ, қала аумағына енгелі мұнда бір ғана емес, бірнеше мәселе өз шешімін тауып келе жатыр. Олардың қатарында электр энергиясын, тазалық қызметін толық жүйеге қойылды деуге болады. Ауыз су мен жол салу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асуда. Шымкенттегі Қайнарбұлақ тұрғын алабында инфрақұрылым құрылыс қарқынды жүргізілуде. Бүгін шаһар басшысы М.Әйтенов аталған аумақта атқарылып жатқан жұмыс сапасын кезекті рет тексеріп шықты.

-Әр жұмыстың дер кезінде орындалуын жергілікті тұрғындардың шағымын ескере отырып жұмыс жүргізген жөн. Халықтың пікірі маңызды,орындалуы негізгі шарт”,-деді қала әкімі тиісті сала басшыларына тапсырма жүктей отырып.

Қайнарбұлақ тұрғын алабын ауыз сумен қамту құрылысы жоспарға сай кезең кезеңімен жүзеге асуда.

Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда 30%-ы тартылған. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады.

Ал табиғи газбен қамту құрылысы II кезең бойынша жүргізілуде. І кезең бойынша жалпы жұмыс көлемінің 25%-ы аяқталған. ІІ кезеңнің де құрылыс жұмыстары қарқынды. Тұрғындар игілігіне келесі жылы берілмек.

Сондай-ақ елді мекенді сапалы электр қуатымен қамту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Электр жүйелерінің жалпы ұзындығы 68, 6 шақырымды құрайды.  Бүгінде оның 40%-ы аяқталды. 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығына дейін жергілікті халық сапалы электр жарығын тұтынатын болады.

Оған қоса, көшелерді жарықтандыру мәселесі де рет-ретімен шешілуде.

Биыл Степная, Бөлешов, №125 мектеп орналасқан көшелер жарықтандырылса, келесі жылы Дружба, Фабричная, Металлург, Заводская көшелері жарықтандырылатын болады.

 

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ ҚАРАТАУ АУДАНЫ 100 ПАЙЫЗ ЭЛЕКР ЖАРЫҒЫ ЖӘНЕ АУЫЗСУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БАС ЖОСПАРДЫ ТАЛҚЫЛАУҒА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҚАТЫСТЫ

smarttop

АБАЙ АУДАНЫ: АЯҚЖОЛДАР МЕН АЯЛДАМАЛАР ҚАРДАН ТАЗАЛАНЫП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру