9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕГАПОЛИС ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ КҮРЕТАМЫРЫ

Ірі қалалардағы көлік қозғалысын оңтайландыру мақсатында түрлі жобалар қолға алынады. Соның классикалық үлгісі – жол айрықтары. Шымкентте де соңғы жылдары жолайрыққа қатысты бірнеше жоба жүзеге асырылуда.
Соның бірі – Бәйдібек би даңғылы мен Ұланбек Арғынбеков көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы. Бұл жоба 2021 жылы басталды. Жобаға сәйкес, жолайрық үш деңгейден тұрады. Арғынбеков көшесі арқылы қозғалыс төменгі деңгеймен, Бәйдібек би даңғылындағы қозғалыс жоғарғы деңгеймен жүрсе, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасады.
Жалпы, екі ірі магистралды жолдың қиылысындағы жолайрық құрылысы үшінші мегаполис тұрғындары мен көлік жүргізушілері үшін маңызды нысан саналады. Себебі, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесі – қаланың оңтүстігі мен солтүстігін, батысы мен шығысын жалғастыратын негізгі магистралды күре жолдар.

Бүгінде Шымкентте екі жолайрықтың құрылысы жүріп жатыр. Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы биыл толығымен аяқталып, ел игілігіне берілмек.

«Арғынбеков көшесі мен Бәйдібек би даңғылының қиылысындағы жолайрық құрылысының алғашқы кезеңі басталды. Бұл құрылыс келесі жылға өтпелі. Сондай-ақ, 2025 жылы 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жолдың құрылысын аяқтап, А-2 автожолы қалпына келтіріледі. Нәтижесінде сапалы жолдың еншісі 64,7 пайыздан 79 пайызға жеткізілмек», – деді Мұрат Әйтенов.

Жоба нәтижесінде осы көшелердегі көлік өткізу ауқымы артады. Мысалы, 2016 жылы жүргізілген зерттеулерге сәйкес, осы қиылыстағы Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалыс жиілігі тәулігіне 24,3 мың көлікті құраса, 2019 жылы 33,4 мың автокөлікке көбейген. Ал Арғынбеков көшесімен 2016 жылы тәулігіне 22,6 мың көлік жүрсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 31,9 мыңға көбейген.
Мамандардың есебінше, жолайрық пайдалануға берілген соң Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалыс жиілігі тәулігіне 60 мың көлікке, ал Арғынбеков көшесі арқылы 55,6 мың көлікке көбейеді. Жоспар бойынша нысан 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

САМАЛ-3 ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ БІРҚАТАР КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ СИТИ Ш/А КӨШЕЛЕРІНІҢ ЖОЛ СЫЗЫҚТАРЫ СЫЗЫЛДЫ

smarttop

ҚАЛАЛЫҚ АРХИВТЕ “ҮЗДІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ” ЕҢБЕК ЕТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру