8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН ЖАҢА АЛАҢ АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкентте жаңа Брифинг орталығы ашылды. Көрме залында орналасқан жаңа брифинг алаңы заманауи жабдықтармен жабдықталды. Жаңа алаңның ерешелігі журналистер қауымы емін-еркін кіріп шығуға да, кез-келген уақытта жиналып пікір алмасуға да ыңғайлы. Болашақта бұл орын журналистерге арналған ашық алаңға айналмақ.Апталық кезінде отандық және шетелдік жетекші медиа менеджерлер, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, ақпараттық платформалардың басшылары, журналистер, блогерлер және тәуелсіз сарапшылар тәжірибе алмасып, саланың өзекті мәселелерін талқылайды.
Жаңа орында алғаш болып Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 2022 жылдың 11 айда атқарған жұмыстары туралы М.Шотановтың есебі тыңдалды. Сала журналистерін даярлаудан бөлек тағы бір мәселе ол – кадр тапшылығы. ЖОО-да тек ғылыми дәрежесі барлар ғана сабақ беріп, ғылыми жетекші бола алады. Алдағы уақытта бұл дәстүрлі үрдіске бірқатар өзгеріс енгізілмек. Тәжірибелі мамандар ғылыми атағына қарамастан студентке жетекші болып, білім бере алады.
–Өздеріңіз көріп отырғандай бүгін жаңа брифинг алаңында сіздермен жүздесіп отырмыз. Брифинг орталығы кең залда орналасқан, заманауи жабдықталған. Журналистер қауымы емін-еркін кіріп шығуға да, кез-келген уақытта жиналып пікір алмасуға да ыңғайлы болсын деп, арнайы осы ғимараттан ашып отырмыз, – деген басқарма басшысы бұл орын журналистерге арналған ашық алаңға айналатынына сенім білдірді.
Басқарма басшысы өзінің есебінде 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, басқарма қаладағы ең өзекті мәселелермен, яғни, шаһардың қоғамдық-саяси ахуалы, үкіметтік емес ұйымдармен байланыс, этносаралық қатынастар, ақпараттық саясатты жүргізу, жастар және отбасы саласы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен таныстырды.

Ұқсас ақпараттар

«ТІЛІМ МЕНІҢ-ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» ПОЛИЦЕЙЛЕР МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСТЫ

smarttop

Рекордные 26,7 млн тонн зерновых собрано в Казахстане в 2024 году

smarttop

ҚАЛАДА БІРҚАТАР БАҒЫТТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру