13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БАСПАНА АЛУ ҮШІН ЕНГІЗІЛГЕН ТАЛАПТАРДЫ ТҮСІНДІРУ

Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, сондай ақ Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер жатады.

Жалпы, елімізде баспанаға деген қолжетімділік – ең өзекті мәселелердің бірі. Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты да осыны тиімді жолмен шешуге арналған. Баспана мәселесімен бас ауыртып жүрген тұрғындарды қабылдаған Шымкент қаласының Тұрғын үй басқармасының басшысы Жанат Утебаева мемлекеттің қолдауымен тұрғын үйге қол жеткізудің жолдарын түсіндірді.

Басқарма басшысы бұл мәселенің біздің қаламызда да, уақыт өткен сайын мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үймен қамтамасыз ету істері барынша ілгерілеп келе жатқандығын атап өтті.

Сонымен қатар қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай жүрген азаматтарға да мәселені Заң аясында түсіндіріп өтті. Тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін өтінімдер жіберу және тұрғын үй кезегін көруге қатысты мемлекеттік қызметтерді алуға тек «kezekte.kz» электрондық порталына ғана жүгіну қажеттігін хабарлады. Яғни аталған мемлекеттік қызметтер 2022 жылдан бастап kezekte.kz электрондық порталында жүзеге асырылуда. Ол үшін тұрғын үй кезегінде тұрған әр бір азамат өзінің ЭЦҚ (ЭЦП) қолтаңбасы болу қажет.

Кезекке тіркелу үшін Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабының талаптарына сәйкес белгіленген санаттардың біріне енуі, отбасының тұрғылықты мекен-жайы соңғы 3 жыл көлемінде Шымкент қаласында болуы және иелігінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт.

Кезекке тіркелу үшін келесі санаттардағы азаматтар өтініш білдіре алады:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

4) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы;

5) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер;

6) жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.

Тағы бір маңызды мәселе. Кейбір алаяқтар адамдардың тұрғын үйге деген мұқтаждықтарын пайдаланып, өздерінің жымысқы мақсаттарын жүзеге асыруы ықтимал. Кейбір кәсіпкерлер заңсыз түрде үлескерлерден қомақты қаржы жинап алып, бірақ тұрғын үй салынбай, үлескерлер далада қалып жататын жағдайлар жиі кездеседі.

Ұқсас ақпараттар

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ ҚАЛА ӘКІМІ НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

smarttop

«ТАЗА СӨЙЛЕУ ДЕ ТАЗАЛЫҚҚА ЖАТАДЫ»

smarttop

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру