28.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ ЖҮРУДЕ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» дөңгелек үстел өтті. Зорлық-зомбылық — жеке тұлғаға қол сұқпаушылық, (тәндік және рухани мағынада) туралы азаматтардың құқын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі. Түрлі тәсілдермен ұрып-соғу, дене жарақатын салу, азаптау (азапқа салу және денсаулыққа зиян келтіру); адам психикасына (жүйкесінің тозуы немесе тіпті жынданып кетуін тудыруы мүмкін) қорқыту, тәнге жарақат салу катері жолымен ыкпал ету және т.б. Зорлықзомбылықты қолдану аркылы жасалған қылмыс, қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.
Акцияның негізгі мақсаты — қоғам назарын екі шұғыл проблемаға аудару: тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің адам құқықтарын қорғау бойынша күш-жігерді біріктіру қызметін жандандыру.
Дөңгелек үстелге Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау ауданы әкімшілігінің қызметкерлері мен полиция басқармасының «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобының инспекторлары, «Сана-сезім» әйелдер басқармасының құқықтық орталығы қоғамдық бірлестігінің өкілі Балнұр Сүгіралиева, «Ана үйі» қоғамдық бірлестігінің координаторы Қалдар Жұмабаева, Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблея жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Лаура Ақшегірова, №78 жалпы орта мектебінің психолог маманы Жанат Мамадиярова және «Bilim Land» мектебінің мамандары қатысты.
“Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясын өткізу кезеңінде заманауи инновациялар мен кәсіби біліммен, практикалық тәжірибемен алмасу арқылы қоғамның назарын зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл шараларын жүргізу қажеттілігіне аудару қажет, өзінің лауазымдық және қоғамдық өкілеттіктері шеңберінде үнемі әлеуметтік қорғауға мұқтаж адамдарға нақты көмек пен қолдау көрсету қажет”, – деп атап өтті жиынға қатысушылар.

Ұқсас ақпараттар

БІЗДІ БІРЛІККЕ БАСТАЙТЫН БАЙСАЛДЫ БАСТАМАЛАР БІРІКТІРЕДІ

smarttop

«ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫМЕН ҚОҒАМ БОЛЫП КҮРЕСУІМІЗ КЕРЕК»

smarttop

«ASIA TRAFO» ТРАНСФОРМАТОРЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР ЗАУЫТЫНЫҢ ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ АРТТЫ

smarttop

Пікір қалдыру