22.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АИТВ-ЖҰҚПАСЫНА ЖЕДЕЛ-ТЕСТ АРҚЫЛЫ ТЕКСЕРІП, ДЕНСАУЛЫҚ ШАРАЛАРЫН ҚАРАСТЫРДЫ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, өз еркімен тесттен өткізу шарасы өтті.
Мақсаты – Жастар арсында нашақорлықтың және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Шараға ЖИТС-тің алдын алу және оған күрес жөніндегі орталығының маманы Назира Жүргенбаева, ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог дәрігері Сагындыкова Палжан, Серғали-Түркістан РҚБ, жоба үйлестірушісі Әбуталиев Ержан, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің жаттықтырушысы Садыков Бахтияр, Шымкент қаласының №3 жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы, Азия чемпионы Турсымбаев Шахрух және МКҚК М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің студенттері қатысты.Ғасырдың індеті болып табылған АИТВ/ЖИТС яғни, адамның иммунитет тапшылығы вирусы және жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы төңірегіндегі қорқыныш уақыт өткен сайын үдей түсуде. Жыл сайын оның шырмауына миллиондаған өрімдей жастар, небір тағдырлар тажал құрбанына айналуда. Бүкіл дүниежүзілік ұйымның деректеріне сәйкес ЖИТС індеті тіркелінгеннен бастап 25 миллионнан астам адамның өмірін жалмапты. Бүгінгі күні әлемде 60 миллионнан астам адам АИТВ (ВИЧ) жұқпасының тасымалдаушысы екендігі анықталды. Күн сайын 7000-ға жуық адам індет жұқтырып, ал 2,5 мыңнан астам адам осы дерттен көз жұмады екен. Қазіргі кездегі ғылымның жетістігі — АРВ препараттарымен емдеу арқасында ЖИТС-ке қатысты өлім санының азаюында.
Іс-шара барысында денсаулық сақтау және ЖИТС-тің алдын алу орталығының маманы адам ағзасында қауіпті және қауіпсіз биологиялық сұйықтықтың жұғу жолдары және АИВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы айтып өтті. Сонымен қатар жастарды өз еркімен АИТВ-жұқпасына жедел-тест арқылы тексеріп, тестіге дейін және тестіден кейін кеңес берді.

Ұқсас ақпараттар

ШАПИТО ШЫМКЕНТТІКТЕРДІ ҚУАНТТЫ

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

smarttop

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» ГРАНТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру