33.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ- ҚОҒАМ НАЗАРЫНДА

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын өткізуде. Айта кету керек, бұл акция республика бойынша өтуде.
Мақсаты- мекеме қызметкерлері ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту қыз-келіншектердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Жалпы, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін орталыққа жыл басынан 594 азаматша жүгініп, оларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілген. Атап айтсақ, мамандардың жан-жақты жұмыс жүргізуінің нәтижесінде, өз өтініштерінің негізінде 59-ана орталықтан шықса, оның 48- күйеуімен татуласып, қайта қосылған. Сондай-ақ 18 ана атаулы әлеуметтік көмек алса, 9-ы тұрақты жұмысқа орналасқан және 16 бүлдіршін балабақшаға баруда.
Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында құзырлы орган өкілдерімен бірлесе елді-мекендерде, халық жиі шоғырланатын орындарда кездесулер ұйымдастырмақ. Яғни, зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізіп, тұрмыстық, психологиялық, құқықтық, медициналық көмек көрсетуді жоспарлауда.Әйелдер шығармашылық бас­тамасы лигасының президенті Асия Хайруллинаның айтуынша, әйелдердің құқықтарын іске асыруға байланысты заманауи қауіп-қатерлер мен мәсе­лелер бей­ресми, ашық пікір­талас алаң­дарында, форумдарда, мем­ле­кет­­пен диалог барысында тал­қы­ла­нып, мүмкіндігінше қо­ғам­ның түр­лі саласының на­за­рын аударуы тиіс.

«Біздің ақ­па­раттық кампа­ния әйелдердің құ­қық­тарын қорғау саласындағы ашық және көп қырлы диалогтың бас­тауы болады деген үміттемін», – дейді ол.
Бір жылға жалғасатын ақпараттық кампания шеңберінде әйелдер мен қыздар үшін тең мүмкіндіктер, зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік және саяси белсенді әйелдердің жетістіктерін насихаттау жайлы бейнематериалдар дайындалатын болады.

Сондай-ақ, әртүрлі сараптамалық кездесулер мен пікірталастар, тақырыптық фильмдер көрсетілімі, заманауи өнер көрмелері өткізіледі деп жоспарлануда.

№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы азаматтарды акцияға белсенді түрде атсалысуға шақырады. Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың фактілерін байқасаңыз немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз төменде көрсетілген сенім телефондарына хабарласуыңызға болады.
Сенім телефондарымыз:
☎️ 150
☎️ 7(7252) 45 03 03
📲 +7 775 450 54 33

Ұқсас ақпараттар

2024 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША 590 792 Ш.М. ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАНДЫ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

smarttop

ЖАСТАР БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру