9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН 1182 АДАМ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

Шымкент қаласында жыл басынан 834 отбасы, 1182 адам қандас мәртебесін алды. Шетелден көшіп келген этникалық қазақтардың басым бөлігі Өзбекстан, Ауғанстан, Түркия және Ресей елінен келгендер.
Алыс-жақын шетелден көшіп келген қандастарды қолдау мақсатында Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығы жұмыс істейді. Мұнда атамекенге оралғандар 6 ай мерзімінде мемлекеттік тілді үйренуі, ортаға бейімделуі, жұмыспен қамтылуы, баспана мәселесі бойынша, әлеуметтік жағынан қолдау негізінде қызмет түрлерін тегін алады.Қандастарға 6 түрлі кіші кәсіптік мамандық (аспазшы, кондитер, есеп және аудит, электрик, тігінші, газэлектродәнекерлеуші) және қазақ тілі, орыс тілі, ҚР Заңнамасы, ҚР тарихы, этно-педагогика (әдет-ғұрып), халық педагогикасындағы отбасылық тәрбие сынды 6 пәндік дәрістер қалаулары бойынша үздіксіз оқытылады.

«Сонымен қатар еліміздегі мәдени, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, атажұртына оралған қандасқа тарих қойнауында қалып қойған естеліктерді еске түсіруге ат салысамыз. Қаламыздағы «Шымкент — қайырымды қала» бағытында жұмыс атқаратын қайырымдылық қорлармен жұмыс жасап, әлеуметтік мәртебесі төмен отбасыларға қол ұшын созып, әлеуетін арттыру үшін жұмыс атқарылады» дейді орталық мамандары.

Бүгінгі таңда бейімдеу қызметін 15 отбасынан 49 адам алуда. Ал, қандас мәртебесін алған 1182 адамның ішінде — 574 ер адам және 608 әйел адам, 18 жасқа дейінгі тұлғалар — 323 адам, еңбекке қабілетті жастағы адамдар — 565 адам, зейнеткерлік жастағы адамдар – 294.
Қазіргі таңда қандастар үшін Қазақстан азаматтығын рәсімдеу бойынша мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі «Бір өтініш» қағидаты бойынша жүргізеледі. Яғни қандас мәртебесін беру немесе ұзарту – 4 жұмыс күні ішінде атқарылуда.
Айта кетейік, қоныс аударған қандастардың басым бөлігі құрылыс, сауда –және жалдамалы жұмыстармен айналысады

Ұқсас ақпараттар

ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

smarttop

«AVTOBYS» ЖҮЙЕСІ ШЫМКЕНТТЕ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕ ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру