-0.7 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕРДІҢ САЯСИ КӨШБАСШЫЛЫҒЫ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Бүгін «Қазақстан әйелдер күштері» Альянсы ОҚМПУ ғимаратында «Әйелдердің саяси көшбасшылығы мектебін» ашып, алғашқы түлектерін қабылдады.
Бұл бағытты жандандыруда 2022-2023 жылдарға арналған жол картасы бекітілген. Осы жол картасының маңызды қадамдарының бірі — әйелдердің саяси сауаттылығын дамыту. Жалпы Альянстың қызметі қоғамдағы әйелдердің мәртебесін көтеруге және гендерлік теңдікті дамытуға бағытталған. Бұдан әрі республика халқының жартысынан астамын құрайтын әйелдер қауымымен санаспау, олардың қоғамдық саяси ортадағы, мемлекеттік биліктегі, парламенттегі белсенділігін шектеу, отбасы, ошақ қасында тұншықтыру-қылмыс. Өйткені, олардың адам ретіндегі құқығының бұзылуына әкеліп соқса, және демократияға кері әсер етуі мүмкін.
Бұл күнде елде дипломатиялық қызметте жүрген біршама әйел-елшілерде баршылық. Ия соңғы кезде көптеген қыздарымыз еліміздің саяси өміріне кеңінен араласып, белсенділік танытуда.
Осы курстық жұмыс барысында . Қазақстандағы әйелдер саясатының қарқыны, олардың саясаттағы орны мен рөлі, Қазақстан Әйелдерінің құқықтық деңгейінің сақталуы, халықаралық ұйымдарға қатысуы кеңінен қаралып отыр.
— Әйелдердің саяси көшбасшылығын дамыту қоғамды демократияландырудың маңызды қадамдарының бірі. Бақытты мемлекет – бақытты отбасыдан басталады. Ал отбасында ананың орны ерекше. Бүгінде нәзік жандыларды барлық саладан көруге болады. Дегенмен олардың саясатқа араласуы өте аз. Әйелдерге саясатта тең мүмкіндік беру үшін олардың шешім қабылдау деңгейін 50 пайызға арттыру керек. Сол мақсатта осы мектепті ұйымдастырдық, — дейді Альянс төрайымы Жанетта Жазықбаева.
Білім жетілдіруге халықаралық деңгейдегі сертификаттары бар жетекші мамандар тартылады. 35 сағатқа созылатын сабақ барысында іскер әйелдер көшбасшылықты, жеке брендті, іскерлік имиджді, стильді дамыту бойынша жұмыс жасайды. Сонымен қатар психолог маманның кеңесін алып, этикет дағдыларын үйренеді. Әйелдердің қоғамдағы орны мен жағдайын жақсартуды мақсат тұтқан Әйелдер Альянсы қаламыздағы барлық әйелдерді осындай метептен өтуге шақырады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МЕН КОРЕЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСПЕК

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 33 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

smarttop

ТҰРАН АУДАНЫ: ШЫМКЕНТ КАНАЛЫНЫҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру