Smarttop.kz

ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУ ҮШІН КЕЗЕКТЕ ТҰРУ ҚАЖЕТ

Шымкент қаласындағы тұғын үй басқармасының мәлімдемесіндегі   тұрғын үй кезегіне тұра алмай жатқан азаматтардың мәселесі талқылануда.

Сонымен қатар қабылдау барысында тұрғын үй кезегіне тіркеле алмай жүрген азаматтарға да мәселені Заң аясында түсіндіріп өтті. Тұрғын үй кезегіне тіркелу үшін өтінімдер жіберу және тұрғын үй кезегін көруге қатысты мемлекеттік қызметтерді алуға тек «kezekte.kz» электрондық порталына ғана жүгіну қажеттігін хабарлады. Яғни аталған мемлекеттік қызметтер 2022 жылдан бастап kezekte.kz электрондық порталында жүзеге асырылуда. Ол үшін тұрғын үй кезегінде тұрған әр бір азамат өзінің ЭЦҚ (ЭЦП) қолтаңбасы болу қажет.

Кезекке тіркелу үшін Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-бабының талаптарына сәйкес белгіленген санаттардың біріне енуі, отбасының тұрғылықты мекен-жайы соңғы 3 жыл көлемінде Шымкент қаласында болуы және иелігінде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеуі шарт.

Кезекке тіркелу үшін келесі санаттардағы азаматтар өтініш білдіре алады:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

2) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

4) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы;

5) мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер;

6) жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар.

Тағы бір маңызды мәселе. Кейбір алаяқтар адамдардың тұрғын үйге деген мұқтаждықтарын пайдаланып, өздерінің жымысқы мақсаттарын жүзеге асыруы ықтимал. Кейбір кәсіпкерлер заңсыз түрде үлескерлерден қомақты қаржы жинап алып, бірақ тұрғын үй салынбай, үлескерлер далада қалып жататын жағдайлар жиі кездеседі.

Ұқсас ақпараттар

Англияға жұмысқа жіберемін деп, алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

smarttop

Полиция көші-қон заңнамасын бұзған 600 азаматты анықтады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 153 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

smarttop

Пікір қалдыру