16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Тіл – Тәуелсіздік тірегі» конференциясы өтті.
«Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінде өткен жиынға тіл жанашырлары, оқытушы-ғалымдар мен студенттер қатысты.
— Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі. Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, ертеңгі күннің кепілі. Тіл қандай кезеңде болса да болмысын жоғалтпауы тиіс. Біз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тіліміздің қолданыс аясын кеңейте отырып, оны дұрыс қолдануды өскелең ұрпаққа насихаттауымыз қажет. Бұл — әрбір тіл жанашырының парызы, — дейді Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Гүлзина Қуанышбекқызы.
Конференциясында М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің оқытушысы, доцент Н.Мұратбек, Ж.Тәшенов университеті Филология кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Б.Қалыбеков баяндама жасады. Студенттер ғалымдармен тіл төңірегіндегі өзекті мәселелерді көтеріп, өзара пікір алмасты.
Жиын соңында Тәуелсіздік мерекесіне орай тіл жанашырлары марапатталды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ДАМУДЫҢ БАСТЫ ҚАЖЕТТІЛІГІ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ «ДОСТЫҚ ДАСТАРХАНЫН» ЖАЙДЫ

smarttop

А2 АЙНАЛМА ЖОЛЫНЫҢ 8-КЕЗЕҢІ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру