18.2 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

КӨЛІК ШИНАСЫН АУЫСТЫРМАҒАН 298 ЖҮРГІЗУШІГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Бүгінде жол жүру қауіпсіздігі өзекті мәселелердің бірі.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қыс айларында жазғы шинамен жүрген 298 жүргізушіге Әкімшілік кодекстің 590-бабымен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Олардан өндірілетін сома 912 мың 774 теңгені құрап отыр.

Жалпы қар жауған кезде орын алған жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері де осы, яғни жүргізушілер жауапкершілік танытпай, қыстық шиналарын өз уақытында ауыстырмайды. Ал кейбір шиналар стандартқа сай емес. Бұл өз кезегінде жол қауіпсіздігін бұзуға әкеп соғуда.

Салдарынан жүргізушілер өздеріне материалдық шығын келтіргеннен бұрын, өзгелерге зиянын тигізуде.

Соңы қайғылы жағдайға душар етпесін десек, жол жүру қауіпсіздігін сақтайық!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

“АБАЙ ӘЛЕМІ” ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

smarttop

КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАР МЕН ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖАЙЫН ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

БОЗАРЫҚТА БЕРЕКЕЛІ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

smarttop

Пікір қалдыру