Smarttop.kz

«ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҮЗДІКСІЗ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗЕДІ

Сондай-ақ, «Диспетчерлік қызмет орталығы» КММ автоматтандырылған бағдарлама арқылы қалалық қоғамдық көліктердің қозғалысына үздіксіз мониторинг жүргізеді. Оның ішінде, жүргізушілер тарапынан бұзушылықтар немесе әдеттен тыс жағдай болу фактілері анықталған жағдайда, жедел түрде тиісті шаралар қолданады. Бұл дегеніміз қоғамдық көлік қызметі саласының едәуір жақсаруына септігін тигізуде.
Бұдан бөлек, онлайн режимінде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы кең қолданыста. Қазіргі таңда, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 200 мыңнан асты.
Айта кетейік, 2020 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге енгізілген «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесі жол ақысын төлеу қызметін едәуір оңтайландырды.
Қазіргі таңда, сатылған көлік карталарының саны 310 мыңнан асады, ал күнделікті транзакциялар саны 300 мыңды құрап отыр. Жүйе жолаушыларға жол ақысын көлік картамен, СМС, QR- код арқылы төлеуге мүмкіндік береді.
Возможно, это изображение 1 человек и текст

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰРЫЛЫС ҚАЛДЫҒЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЛЕТІН БОЛАДЫ

smarttop

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ №5 ЕМХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

Бүгін Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтті.

smarttop

Пікір қалдыру