16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ АЛПАУЫТ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ САТУ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Capital Invest Construction» компаниясы сату кеңсесінің ашылу салтанатына қатысты. Қаланың құрылыс индустриясын дамытуға үлес қосатын алпауыт серіктестік қалада 12-25 қабаттан, 20 блоктан тұратын зәулім тұрғын үйлерді салуда. Қала басшысы мегаполис аумақтарында өз жобаларын іске асырып жатқан инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.
«Алдағы бес жылда қалаға 6 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту жоспары тұр. Осы мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін негізгі салалардың бірі – құрылыс. Сондықтан саланы дамытуға ниетті инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетудеміз» — деді қала әкімі. Мегаполис басшысы бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналып отырған Шымкент Сити шағын ауданының артықшылықтарына да тоқталды.
Бүгінгі таңда жаңа шағынауданды дамыту жобасы қаланың жетекші жобаларының біріне айналды. 427 га аумақты алып жатқан елдімекенде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар тартылды.
Шағынауданда 2 млн шаршы метр тұрғын үй, 195 мың шаршы метр коммерциялық алаң, 7 500 оқушыға арналған 7 мектеп, 5000 орындық 8 балабақша, 295 тұрғын үйден тұратын 19 көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жоспарлануда.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ДЕНДРОБАҚТА БАУЫРСАҚ ТАРАТЫЛЫП, ҚАРИЯЛАР БАТА БЕРДІ

smarttop

Полицейлер жалған нөмір тағып алған көлік жүргізушісін анықтады

smarttop

ТҮРКІСТАНДА «ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ДӘСТҮР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯ» СИМПОЗИУМЫ ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру