Smarttop.kz

КӨРКЕМСӨЗ ОҚУДАН БАЙҚАУ ӨТУДЕ

Үшінші мегаполисте көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өтіп жатыр. Талантты жастардың басын қосқан өнер алаңында 12 үміткер бақ сынауда. Мыңдаған дарынды жанның шабытын шыңдап, әдебиетке деген құмарлығын арттырып жүрген бұл байқауға биыл 25 жыл толды.
1998 жылдан бастау алған байқау күні бүгінге дейін түрлі деңгейде өткізіліп келеді. Алғашқыда дарынды қаламгер Оралхан Бөкейдің атына ұйымдастырылған болатын.
Сол кезден бастап біздің Оңтүстік өңірінен қатысқан көркем сөз шеберлері топ жарып келеді. Әдебиеттегі жазба жауһарлардан жан азығын тапқан талапкерлер ішінде қазіргі кезде мәдениет саласының майталмандары баршылық.
–Көрерменнің көз алдына кестелеп көрсететін көркем сөз оқудың шеберлері бүгін өз өнерлерін ортаға салады. Сайысқа 16-29 жас арасындағы білім саласында жүрген мамандар қатысып отыр.
Іріктеу кезеңінде 25 үміткер өтініш беріп, соның ішінен 12-сі өтті. Жалпы байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан талантты жастарды іздеп, олардың көркемсөз оқу өнеріне деген қызығушылығын арттыру,– деді Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының директоры Гүлмира Жанысбекова.
Байқауда үні жағымды, тілі жатық, ойы орамды көркемсөз оқудың хас шеберлері бақ сынап жатыр. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайтын болады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «АШЫҚ ҮКІМЕТ» ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

smarttop

Г.БЕЛЬГЕРДІҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ БІЗДІ БІРІКТІРЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ СПОРТТЫҢ ДАМУЫНА БАСА НАЗАР АУДАРЫЛЫП ОТЫР

smarttop

Пікір қалдыру