1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: РАМАЗАНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫЛАДЫ

Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Осыған орай, пітір садақа мөлшері 535 теңге болып бекітілді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықты ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов мәлім етті.
Бас имамның айтуынша, қаламыздағы 45 мешітте «Рамазан шатыры» жайылып, онда күнделікті ауызашар ұйымдастырылады. Қасиетті айдың құрметінде қаладағы 5 ауданның орталық мешітінде қала әкімдігімен бірлесе ауызашар себетін үлестіру жоспарланып отыр.
–Өткен жылы 30 мың отбасыға азық-түлік себетін тарату көзделген болатын. Жомарт жандардың қайырлы істерге деген белсенділігінің арқасында 34 мыңға жуық отбасыға Рамазан себеттері үлестірілді. Биыл да осы бағыттағы қайырымдылық жұмыстарын жандандырғалы отырмыз. Халық арасында Рамазан, садақа, зекет туралы көбірек мәлімет алғысы келген жандар үшін биыл «Рамазан Call-Center» қызмет көрсетеді, яғни 8-708-478-48-72 нөмірі арқылы жамағаттың сұрақтарына жауап беріледі, -деді қаланың бас имамы.
Биылғы Рамазанның ерекшелігі – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен қатар келіп жатыр. Мұндай сәйкестік 33 жылда бір келеді екен. ҚМДБ Шымкент өкілдігі қасиетті айдың табиғаттың оянуымен қатар қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға басымдық беріпті.
–Рамазанда тек құлшылық қана емес, қоғамға оң әсерін тигізер іс-шараларды қолға алынды. Осы жылы алғаш рет «Табиғатты аяла» іс-шарасы аясында «Рамазанда бір тал ек», жамағатты кітап оқуға баулу мақсатында «Мешітке кітап сыйла» акциясын өткізу жоспарланған. Одан бөлек, Рамазан мейірімділік айы болғандықтан қалада 6 орында қайырымдылық орталығын ашуды көздеп отырмыз. Осы орталық арқылы әлеуметтік жағдайы әлсіз отбасыларға азық-түлік себеттері таратылады,- деді бас имамның орынбасары Мұхамеджан Жамантайұлы.
Имамдар брифинг барысында кәмелеттік жасқа толмағандардың ауыз бекітуі туралы да пікір білдірді.
– Шариғатымыз бойынша балиғат жасына жетпеген жас балаға ораза ұстау – парыз емес. ҚМДБ-ның талабы бойынша 17-18 жас – балиғат жасы болып бекітілген. Балиғатқа толмаған жас балаға ораза ұстау міндеттелмеген. Екіншіден, кәмелетке толмаған жас баланың ораза ұстау кезінде оның ағзасында әлсіздік, дәрменсіздік пайда болуы мүмкін. Сондықтан мектеп оқушылары ораза кезінде ең алдымен сабаққа көңіл бөлуі керек, — деді қаланың бас имамы Б.Әбдірахманов.
Айта кетсек, Рамазан айында Kaspi.kz қосымшасы арқылы зекет, садақа беру қаралған.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІКТЕР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ

smarttop

Жолдауда берілген тапсырмалардың бірі-референдумның өткізілуі

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ КҮТІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН “ҚАМҚОРЛЫҚ” ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру