Шымкенттегі күрделі жөндеуден өткен №2 оңалту орталығынан бүгін «Қамқорлық» ерте араласу бөлімшесі ашылды. «Қазақстан халқына», «Қамқорлық», «Samruk-Kazyna Trust» қоғамдық қорлары арасындағы меморандум аясында ашылған бөлімшеде неврологиялық, ортопедиялық және кардиологиялық патологиялары 18 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетіледі.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов орталықтың ашылуына арналған жиынға қатысып, сөз сөйледі.
«Бұл қаламыз үшін инновациялық орталық болып табылады. Мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі балаларымызды белсенді өмірге бейімдеп, өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінуге ықпал ету. Мамандар әр баланың ауру тарихын ескере отырып, жеке бағдарлама аясында емдеу жүргізеді. Балаларға жағдай жасау, қамқорлық көрсету – азаматтық борышымыз» — деді қала әкімі.
Мұнда нейро-ортопедиялық ауруларға, церебралды сал ауруына шалдыққан балаларға заманауи әдістемелерге негізделген оңалту қызметтері көрсетіледі. Заманауи талапқа сай жабдықталған жаттығу залдары және Механотерапия, Эрготерапия залдары қарастырылған.
Бөлімше оңалтуды қажет ететін балаларды тиісті ем-шаралармен қамту көрсеткішін арттыра отырып, мүгедектікті барынша азайтуға мүмкіндік береді.Әрбір елдегі еңбекке қабілетсіз азамат- тар мемлекеттің қорғау субъектісін құрайды, ал әлеуметтік саясатты өз қызметінің басты бұрышынақоятынмемлекеттертән. Мемлекеттің мүгедектерге қатысты негізігі міндетіне оларды материалды қолдау (зейнетақы, жәрдемақы, жеңілдіктер т.б.) жатады. Алайда еңбекке жарамсыз азаматтар тек материалдық қолдауды ғана қажет етпейді. Оларға физикалық, психологиялық, ұйымдық және тағы басқа көмектерді көрсету де маңызды рөл атқарады. Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында мүгедектерге әлеуметтік көмек көбінесе интернат үйлерінде көрсетілді. Еңбекке жарамсыз азаматтарға көрсетілетін медико-әлеуметтік көмектің мұндай қалыптасқан дәстүрлі түрінің жағымды жақтарымен қатар теріс жақтары да бар (бірсарынды өмір салты, ересек мүгедек үшін өмір стереотипін өзгерту қажеттілігі және т.б.) Осындай жағдайлар интернат үйлерін мүгедектер үшін аз тартымды етеді, сондықтан олар интернат үйіне көшуге асықпайды. Ал үйреншікті үй жағдайында көп уақытқа қалу мүмкіндігі әлеуметтік қорғау мекемесінің жүйесіндегі әлеуметтік жұмысшы қызметінің пайда болуымен туындады. Дәл осы нақты тұлғалар еңбекке жарамсыз азаматтар әрдайым қажет ететін әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетеді. Мүгедектерге әлеуметтік көмек дамуының бастапқы кезеңдерінде үйде қызмет көрсетуге көп көңіл бөлінді. Осы жағдайлармен байланысты әлеуметтік жұмысшының мамандандырылған сипаттамасы жасалды, оның лауазымдық міндеттері анықталды. Сонымен бірге нақты әлеуметтік көмекті интер- нат үйінде тұратын мүгедектерде қажет етеді.