4.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

8 сәуірде Шымкент қаласында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам қайтыс болды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары тарапынан тергеу жүргізілуде.
Аталмыш оқиғаға байланысты Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысы Мұқтар Қоқанбаев барлық тасымалдаушы компания басшыларымен арнайы жедел жиын өткізді.
Жиын барысында басқарма тарапынан тасымалдаушы компанияларға аталған оқиға бойынша жүргізушілердің назарына жеткізу, жол жүрісі, жолаушылар тасымалдау қағидаларының талаптары мен жүргізушінің міндеттері туралы қосымша және тұрақты түрде нұсқаулықтарды өткізу, жүргізушілер құрамы арасында кезектен тыс аттестациялау шараларын өткізу, тұрақты түрде бағыттардағы желілік бақылауды күшейту тапсырылды. Халықтың қауіпсіздігі үшін жасалған шараларды қабылдай алу мүмкіндігін артыру қажет.Бұлардың бірде бірінде жолаушыларға келесі қай аялдама екенін хабарлайтын электрондық қондырғылар орнатылмаған. Оның есесіне кондукторлардың ащы айқайы жүргіншілердің құлағын тұндырып кете жаздайды. Көп жағдайларда олардың үстінен арнайы қызметтік киім формаларын көре бермейсіз, қалай болса солай, олпы-солпы киіне салған кондукторлар қала қонақтары мен жүргіншілерден тіптен қымсынбайтыны таң қалдырады.
Сондай-ақ қаза тапқан отбасылардың жақындарына автопарк басшысы тарапынан жаназа шығындарын өтеуге көмек берілетінін атап өтті.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласында 77 тұрақты қалалық маршрут қызмет көрсетеді, күнделікті маршруттарға 877 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Алдағы уақытта күшейтілген рейдтік жұмыстар атқарылып,компания басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН 1182 АДАМ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

smarttop

БИЫЛ ЕКІ КАНАЛ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

smarttop

️Глава государства:

smarttop

Пікір қалдыру