17.3 C
Шымкент
Суббота, 19 апреля, 2025
Smarttop.kz

Полицейлер бірнеше көліктің құрылғыларын ұрлаған күдіктіні ұстады

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз біреу оның «Ауди» маркалы автокөлігінен магнитоланы жымқырып, мүліктік зиян келтірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188 -бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.
Оқиға орнына дереу шыққан жедел-тергеу тобы ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті іздестіру шараларын жүзеге асырды. Нәтижесінде күдікті ер адам, яғни жергілікті тұрғыны болып шықты.
Тексеру барысында жас жігіттің 12 ұрлық жайтына қатыстылығы анықталды. Осы уақытқа дейін бірнеше көліктердің құрылғыларын тонап, сатып пайда көрмекші болған ұрының жымысқы әрекеттері тәртіп сақшыларының тыңғылықты тексерісінің арқасында жүзеге аспай қалған.
Ал, тәртіп сақшылары айғақты зат ретінде ұрланған құрылғыларды тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар

СӘУЛЕ ШАҒЫН АУДАНЫНДА КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

ОСЫ АПТАДА «БОЗАРЫҚ» ШАҒЫНАУДАНЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ АЙНАЛМА ЖОЛ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛАДЫ

smarttop

ҚАЛАДА ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫН ТАРАТУ ЖҰМЫСТАРЫ РЕТТЕЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру