9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

КӨКПАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің баспасөз клубына жиналған төрешілер, шабандоздар мен атбегілер маусымда туындаған түйіткілді мәселелер, ұсыныстар мен қатаң тәртіптің сақталуы жөнінде ойын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
«Көкпар» түрікше «кок бору» (көк бөрі) сөзінен аударылған. Ертеректе айтылған аңыздарға сүйенсек , қойды соққан қасқырлар бөлтіріктеріне тушасын апарып отырған, бөлтіріктер оған таласып, бірін-бірі қуып ойнаған. Содан кейін адамдар оны бөлтіріктер ойыны, немесе «көк бөрі» атауы осыдан шыққан. Ойын арқылы шабандоздың ғана емес, сонымен бірге аттың да мықтылығы сыналады.
Шымкент қаласының төңірегінде жайылым жер тапшылығына қарамай, ұлттық спортқа қызығушылардың қарасы қалың. Басқосуда Шымкент қаласы көкпар федерациясының төрағасы Нұрлан Тастеміров ұлттық ойындарымыз бүгінде өзінің мән-мағынасын жоғалтпай, қайта жаңарып жатқанын атап өтті.
–Қаламызда қөкпар федерациясы өткен жылы құрылған болатын. Бүгінде оның құрамында сайланған 50-ге жуық төрешіге көкпар барысында тәртіпті қатаң сақтауды жүктеп отырмыз. Бұл төрешілер әділдікті қамтып қана қоймай, ұлттық спортың дамуына да үлес қосып отыр.
Мәселен, көкпар беруші елді мекендер арасында «тек өзіміздің шабандоздар салым салсын» дейтіндер, салымға жүлде тіккен азаматтар өзінің туысқанын төреші етіп қоятын жағдайлар да болды. Мұндай әділетсіздіктің орын алуы жиілесе, халықтың көкпарға деген қызығушылығы төмендейді.
Федерация сайлаған төрешілер ойында бекітілген ережеге сай өтуіне, дауларды болдырмау жолында қызмет етіп келеді, — деді федерация төрағасы.
Көкпар дегенде делебесі қозып, бәйгеге түсер тұлпардай болатын қазақты осы ұлттық спортсыз елестету мүмкін емес. Биылғы маусымда қала аумағында көкпарды жоғары деңгейде ұйымдастыру және оның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға федерацияның алғыс хаты және төреші куәлігі табысталды. Аталған куәлік тек қала аумағындағы көкпарға ғана емес, өзге өңірлерде төрелік етуіне жарайды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

«7-20-25» БАҒЫТЫ БОЙЫНША НЕСИЕЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ ӨТІНІМ ТҮСКЕН

smarttop

️Мемлекет басшысы:

smarttop

ТҮРКІСТАНДА «МЕНІҢ ТУЫМ — МЕНІҢ ОТАНЫМ!» АТТЫ ЖҮГІРУ МАРАФОНЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру