0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

2023 ЖЫЛДАН БАСТАП 35 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ АЗАМАТТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛУДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ

2023 жылдан бастап 35 жасқа дейінгі азаматтар жастар санатына еніп, баспанамен қамтылуда мемлекеттік қолдауға ие болады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде қабылданған заң бірнеше жаңа нормаларды қамтиды.
Бұған дейін жастар санатына 29 жасқа дейінгі азаматтар кіретін болса, бұдан былай 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Осылайша жастарға арналған механизмдерді қолданатын азаматтардың саны едәуір артпақ.
Елімізде баспананы қолжетімді ету – Үкімет пен жергілікті әкімдік тарапынан жүзеге асырылып жатқан басты стратегиялық жоспарлардың бірі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Шымкент қаласына келген сапарында да осы тақырыпты қозғап, биыл 1 млн шаршы метрдей тұрғын үй пайдалануға берілетінін, соның нәтижесінде 9 мыңға жуық отбасы үйлі болатынын айтқан еді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы халықпен кездесуде тұрғын үй құрылысының қарқыны бәсеңдемеуі тиістігін, ең бастысы баспана қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді болуы керегін айтып, бұл тұрғыда жергілікті әкімдік Үкіметпен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек деген болатын.
Биылғы жылы 888 жас арендалық баспанамен қамтылатын болады. Жастар бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау электронды портал арқылы жүзеге асырылып, өтінімдерді қабылдау, өңдеу, келісім-шартқа тұру жұмыстары толықтай электронды нұсқада жүргізілетін болады.
Қатысушаларды іріктеу балдық жүйе арқылы іске асады. Шымкент қаласы бойынша әзірге жастар бағдарламасы басталған жоқ. Бұл бойынша алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланатын болады.
Сонымен қатар, Жастар бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, биылдан бастап жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз пәтерлер енді 3 жыл мерзімге пайдалануға берілетін болады.
Өтініш берушінің өтініш бергенге дейін соңғы 3 жылда Шымкент қаласында тұрақты тіркеуі болуы және иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі тиіс.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУЫНА ТҮСКЕ ДЕЙІН 150-ден АСТАМ АЗАМАТ КЕЛДІ

smarttop

 АЛҒАШҚЫ ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

smarttop

Полицейлер алаяқтық жолмен алынған ойын құрылғысын иесіне қайтарды

smarttop

Пікір қалдыру